Мәселе

Министрлік WhatsApp-та тараған жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды

  • http://textexpert.ru/

    http://textexpert.ru/

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова 1 қаңтардан бастап іске қосылған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты Whats App-та тараған фейк ақпаратқа сенбеуге шақырды. Бұл жөнінде ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.

Қазір күні Whats App мессенджері арқылы денсаулық сақтауға қатысты жаңа Кодекстің қабылданғаны туралы хабар тарап жүр. Аудиофайлмен таратылған ақпаратта міндетті түрде келісімге отыру керектігі айтылған. Бұл жалған ақпарат екенін айтқымыз келеді. Аудиофайлды тыңдасаңыз, әңгіме Ресей Федерациясы және медициналық сақтандыруға қатысты федералды заңнама туралы айтылып отырғанын түсінесіз. Біздің Заңнамаға оның түк қатысы жоқ, - деп мәлімдеді Людмила Бюрабекова.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі мессенджерлер арқылы тараған бұл ақпаратқа сенбеуге шақырды. Спикер бұл хабарламаларды таратқан адамдарды жауапкершілікке тарту туралы құқық қорғау органдарына жүгінетінін айтты.

 Вaq.kz




Көрілген: 189    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.01.2020, 19:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31