Мәселе

Министрлік атышулы «Борат-2» фильміне қатысты түсініктеме берді

  • Министрлік атышулы «Борат-2» фильміне қатысты түсініктеме берді

    Министрлік атышулы «Борат-2» фильміне қатысты түсініктеме берді

ҚР Сыртқы істер министрлігі «Борат-2» фильмінің шығуына байланысты Қазақстан азаматтарының өтініштеріне түсініктеме берді.

«Борат-2 фильмі - коммерциялық жоба. Фильм авторлары ҚР билігінің ресми наразылығын арандатып, өз фильміне жақсы жарнама жасамақ. Арандатушылық мақсатта Қазақстан халқы да, оның мемлекеттік рәміздері де мазаққа салынуда. Наразылық нота жолдау мағынасыз, өйткені оның адресаты жоқ. Неғұрлым дүрліктіре берсек, соғұрлым фильм авторлары пайда табады. Үлкен пайда табу авторларды фильмді жалғастыруға итермелейді. Негізінде, фильмде нәсілшілдік пен ксенофобияның айқын формасы бар. Біздің азаматтарымыз ашық нәсілшіл шабуылдарға әділ наразы, - делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетсек, жақында Лондон қаласында Саша Коэннің тағы бір мүсіні пайда болды. Онда жалаңаш жатқан актер бұтына Қазақстан туын лыпа етіп киген. 

Кеше Азамат Жолдамбаев, Мақсат Мамадияров бастаған бірнеше қазақтың намысшыл жастары «Борат-2» фильміне наразылықтарын білдіріп, Алматы жастары АҚШ-тың бас консульдығына барып, Бораттың қазақ халқынан кешірім сұрауын талап етті. 

Осы жағдайлардан кейін эстрада әртістері бастаған әлеуметтік желі қолданушылары жаппай наразылық танытып, «Мен туымды мақтан етемін» атты патриоттық акцияны жүргізе бастады.

Бұған дейін Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Борат-2» фильмінің жарыққа шығуына байланысты пікірін білдіріп, фильм оның да намысына тиетінін айтқан еді.

BAQ.KZ




Көрілген: 1843    Пікірлер: 0

сенбі, 24.10.2020, 22:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 02:46
    Жайық құрып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30