Мәселе

Министрліктегілер науқасқа емес, дәрігерге алаңдайтын сияқты

  • Министрліктегілер науқасқа емес, дәрігерге алаңдайтын сияқты

    Министрліктегілер науқасқа емес, дәрігерге алаңдайтын сияқты

Бүгінгі таңда халықтың дәрігерлерге өкпе айтуы азаяр емес. Ал денсаулық сақтау министрлігі ұсыныс айтудан жалыққан емес. Алайда денсаулық сақшылары тарапынан жасалып жатқан ұсыныстарға қарап, «министрліктегілерді халық денсаулығынан гөрі дәрігерлердің жағдайы көбірек алаңдатады екен-ау» деп ойлап қаласың.
Бұлай деуімізге соңғы кезде Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан жасалған ұсыныстар түрткі болып отыр. Сөзіміз дә­лелді болу үшін соңғы кезде еліміздің бас дәрігері ұсынған ұсыныстарға үңіліп көре­лік.
Науқас пен дәрігер арасында келісімшарт жасау
Расымен де, келісімшарт сіз бен біз ойлағандай болып жасалса, онда дәрігер өз міндетін мүлтіксіз орындап, артық талап қоймай, өз қызметін адал атқарған болар еді. Бірақ ұсынылып отырған келісім­шарттың мақсаты дәрігердің емес, науқас­тың жауапкершілігін арттыруға бағыттал­мақ. Бұл жайлы Ақордада өткен жиында министр ханым өз ойын білдірген. Елі­міздің бас дәрігерінің айтуынша, науқастар дер кезінде тексерілмейді, дәрігер берген нұсқауға құлақ аспай, тамақ режимін сақтамайды, темекі тартып, арақ ішеді, дәріні дер кезінде қабылдамайды. Бір сөз­бен айтқанда, бәріне халықтың өзі кінәлі. Сондықтан министр емделушінің жауап­кершілігін арттыру үшін алдағы уақытта науқас пен дәрігер арасында келісімшарт жасауды енгізбек. Егер ұсыныс жүзеге асса, дәрі­гердің нұсқауын толықтай орын­да­ғанын дәлелдей алмаған науқас­тың жайы не боларын өзіңіз пайым­дауы­ңызға бола­ды.

Айы-күні жетпей туған баланы аман алып қалған перзентханаларға сыйақы беру
Егер қандай жағдай болмасын, дер ке­зінде дәрігерлік көмек көрсету, науқасты ажалдан арашалап қалу дәрігердің міндеті екенін ескерсек, онда кәсіби міндетін атқар­ғаны үшін оларға сыйақы беру қан­шалықты негізді болмақ?! Онда жол-көлік оқиғасының алдын алды деп жол сақ­шысына, қылмыстың алдын алды деп поли­­ция қызметкеріне, төтенше оқиғаның алдын алды деп төтеншеліктерге, циклон боларын алдын ала болжады деп гидромет қызметкерлеріне де сыйақы беру керек шығар? Бұл бір жағы. Екіншіден, «жасырын бизнеске» айналған кесар тілігі арқылы баланы дүниеге әкелуді әдетке айнал­дырған пысықайлар сыйақы үшін жүкті әйелдерді айы-күні жетпей босандырып жатса, кім жауап береді? Одан да ана мен баланы аман алып қалмаған дәрігер қатаң жаза­ланады десе болмас па еді?
Мектептерге медициналық сауаттылық пәнін енгізу
Бір қарағанда бұл ұсыныстың еш сөкеттігі жоқ сияқты. Шынымен-ақ мектеп баласы медициналық тұрғыда сауатты болса несі жаман? Бірақ тоғыз жыл медициналық университет оқығандардың бәрін бірдей медициналық сауатты ете алмай отырғанда, бір сабақ оқытып мектеп оқушысын медициналық тұрғыда сауатты етемін деу қисынсыз. Екіншіден, министр ханым онсыз да керексіз пәндермен толып кеткен мектеп бағдарламасына тағы бір пән енгізу бала денсаулығына қаншалықты зиянды болары жайлы ойламаған секілді. Өйткені бүгінгі таңда мектеп бағдарла­масына енген пән көп, жүктеме ауыр. Ал қажетті дүниенің бәрін мектеп бағдарла­масына пән қылып енгізе берсек, не бол­мақ?!
Науқастың дәрігерге  беретін «сыйақысын» заңдастыру қажет
Науқастың дәрігерге беретін «сый­ақысын» заңдастыру туралы ұсыныс та бір кездері Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан айтылған еді. Ақ халаттылардың айтуынша, науқастар дәрігерге ризашылық көңілмен ақшалай сыйлық беріп жатады, ал оны құқық қорғау органындағылар па­ра деп қарайды. Сөйтіп, сыйлық алған дәрігер жазықты болып шығады. Сондық­тан дәрігерлерді парадан қорғайтын заң қажет. Иә, шынымен де, дәрігердің қыз­метіне ризашылық білдіретіндер де бар. Бірақ олар бірен-саран ғана. Өйткені дәрі­герге ісі түскендердің айтуынша, алдын ала дәрігермен ымыраға келмесең, дәрі­гердің ықыласы болмайды. Яғни сыйлықты ақ халаттылар айтқандай жазылып шық­қан соң ризашылықпен емес, алдын ала беруің керек. Егер мұны заңдастырар болсақ, бұл параны заң­дастыру болмай ма?!
Марат Дәулетбеков, заңгер:
– Науқасты емдеу – дәрігердің ат­қа­ратын жұмысы, қала берді, міндеті. Және ол қызметі үшін мемлекеттен жалақы алады. Ал міндетін атқарғаны үшін сыйақы беру деген заңға қайшы. Заң бойынша сыйақы беру қаржы үнемдеу есебінен жүргізілуі тиіс. Ке­лісім­шартқа келер болсақ, неге дәрі­гер өз міндетін келісімшарт арқылы атқаруы керек? Екінші жағынан, бұл дәрігердің жауапкершілігін азай­татын сияқты. Өйткені бір жағдай бола қалса, дәрігер «науқас берілген нұсқауды орындамады» деп, бар айыпты нау­қасқа аудара салуы мүмкін. Сөйтіп, дәрігер жауапкершіліктен құтылып кете барады. Сондықтан бұл мәселені жан-жақты саралау қажет. Меніңше, бақы­лауды күшейту арқылы да медици­налық көмек беру сапасын арттыруға болады.

Денсаулық министрлігіндегілер «дер кезінде қаралмайды» деп халықты айып­тағаннан гөрі, медициналық қызмет сапасын арттыру, емханалардағы айға созылған кезекті жою, маман мәселесін шешу, қағазбастылықтан құтылу жолдарын ұсынса құба-құп болар еді. Егер министр ханым емханаларды аралап, кезекте тұрған науқастармен көзбе-көз сөйлессе, көп жайдан хабардар болар еді.




Көрілген: 890    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.02.2013, 13:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31