Мәселе

Митингте қыз баланы ұстаған видеоға қатысты полиция түсініктеме берді (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Республика даңғылында рұқсат етілмеген митингіге жиналғандарды тарату кезінде кәмелетке толмағандар ұсталған жоқ, - дейді Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті. Бұл туралы kaz.zakon.kz хабарлайды.


"Кәмелетке толмаған қыз ұсталған деп әлеуметтік желілер мен телефон арқылы тараған видеодағы фактіге келсек, 2000 жылы туылған А. есімді азамат рұқсат етілмеген митингіге келуге болмайтынын айтып, үйіне қайтуды бірнеше рет сұраған полиция ескертуіне қарамастан бір орнында тұра берген. Оның үстіне құқық қорғау органдары қызметкерлерін итере-митере өзіне қарсы агрессия танытуына түрткі болған (видеодан көруге болады). Осыған байланысты А. есімді азамат басқа құқық бұзушылармен бірге ұсталды. Ұсталған кезде онда жеке басын куәландыратын құжаты болмаған. Дегенмен, анасы полиция бөлімшесіне келіп жағдайды айтқан соң, ол қыз шешесінің қолына табысталды", - делінген елордалық полицияның ресми хабарламасында.


Бұған дейін Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында рұқсат етілмеген митингіге қатысқан 57 адамның ұсталғандығы хабарланған.



 




Көрілген: 1588    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.09.2019, 11:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31