Мәселе

М.Тайжан мен атақты шопан Жер комиссиясының отырысында ерегісіп қалды (видео)

  • https://www.oinet.kz/

    https://www.oinet.kz/

Кеше Жер реформасы жөніндегі комиссияның 5-ші отырысында жерді жеке меншікке беру жөніндегі мораторийді тағы 5 жылға ұзарту шешімі қабылданды. Комиссия отырысына 67 адам қатысты, оның 4-уі қалыс қалды, қалғандары бірауыздан мораторийді ұзартуға дауыс берді.

 

Отырыс барысында жерге қатысты көптеген ойлар айтылып, пікір қарама-қайшылықтары туды. Осындай пікірталаста қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан мен атақты шопан (өзін Инстаграмда солай таныстырады - автор), ауыл шаруашылығы саласының эксперті Алмасбек Садырбаев сөзге келіп қалды. 

 

- Бізде қазақта "Аузы қисық болса да байдың баласы сөйлесін" деген мақал бар. Сондықтан кешірім сұраймын. Ол диагноз. Мен ол үшін кешірім сұраймын, - деді Алмасбек Садырбаев.

 

Бұл сөзге шамданған Мұхтар Тайжан:

 

- Алмасбек, сен кім үшін кешірім сұрап отырсың? - деп сұрады орыс тілінде.

 

Атақты шопан:

 

- За тебя извиняюсь.

 

- За меня? За что извиняешься? 

 

- Сенің "нелицеприятное поведениең" үшін.

 

- У меня нормальное поведение. Мен үшін кешірім сұраудың қажеті жоқ. 

 

- Аузды қисық болса да байдың баласы сөйлесін...

 

- Ең дұрысы сен өзіңе қара. Түсінікті ме?

 

- Тағы не дейсің?

 

- Тағы қайталап айтамын, өзіңе қара, - деді Мұхтар Тайжан. 

 

Осы видеоны Facebook парақшасына жүктеген Алмасбек Садырбаев:

 

- Мейлі ол қойшы болсын, екінші тараптың сөзін соңына дейін тыңдай білу, оның әңгімесін бөлмеу - үлкен тәрбиенің, адамгершіліктің белгісі. Адамды пікірі үшін жазғыру деген табиғатымда жоқ қасиет. Бірақ құрметсіздік көрсеткенді аталы сөзбен орнына қойып отырмаса, жиналыстан береке қашады. Ешқашан, ешкімге, ол кім болса да сөзіңізді бөлуге рұқсат бермеңіз!!! - деп жазды.

 

 

 

 

Oinet.kz




Көрілген: 1862    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.04.2021, 00:34

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30