Мәселе

"Мұғалімі ағасын өлтіріп, үйінің ауласына жасырған": Ата-аналар балаларын мектепке жіберуден бас тартты

  • "Мұғалімі ағасын өлтіріп, үйінің ауласына жасырған": Ата-аналар балаларын мектепке жіберуден бас тартты

Қайтыс болған ағасының денесін ұзақ уақыт қорасында ұстаған Атырау облысы Махамбет ауданы Таңдай ауылындағы мектеп мұғаліміне қатысты қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Еске салайық, биыл қаңтарда Тандай ауылынан 82 жастағы жергілікті тұрғын Сағынғали Ахберлиевтің денесі табылды. Қария мұғалім қарындасымен бір үйде тұрған. Ауыл тұрғындары қария соңғы айларда мүлдем көрінбей кеткенін айтады. 

 
Әлеуметтік желілерде мұғалім әйел өткен жазда ағасын өлтіріп, артынша  мәйітті бөлшектеп, жасырып қойған деген ақпарат тарады. Тергеу тексеру барысында әйел жұмыстан уақытша шеттетілді. Алайда сараптама адамның өз өлімімен өлгенін анықтады.

"Біз істің жабылғанын білеміз. Оның жұмысқа қайта келуіне қатысты біз аудандық прокуратурадан жауап күтеміз. Бұл туралы басқа ештеңе айта алмаймын", - дейді ауыл мектебінің директоры Серік Қойбақов. 

Сонымен қатар, мектеп оқушыларының ата-аналары мұғалімнің жұмысқа оралуына үзілді-кесілді қарсы екенін айтады. 206 қол қойылған тиісті өтініш мектеп директорына, Бақсай ауылдық округінің әкіміне, аудан прокурорына, облыстық білім бөліміне және "Нұр Отан" партиясының аудандық филиалына жолданды.

"Біз мұндай адамның мектепке оралып, балаларымызды оқытуына қарсымыз. Егер жергілікті билік біздің талабымызды ескермес, біз президентке және білім министріне шағымданамыз. Кейбір ата-аналар бұл мұғалім жұмысын жалғастырса, балаларын мектепке жіберуден бас тартуға дайын", - делінген Тандай ауылы тұрғындарының үндеуінде.




Көрілген: 959    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.04.2021, 14:01

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31