Мәселе

Мұғалімдер мен медицина қызметкерлерінің еңбекақысы көтеріледі

  • Мұғалімдер мен медицина қызметкерлерінің еңбекақысы көтеріледі

    Мұғалімдер мен медицина қызметкерлерінің еңбекақысы көтеріледі

Алдағы екі жылға бекітілген бюджет қаражаты есебінен ұстаздар мен дәрігерлердің айлығы көтеріледі деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев депутаттардан «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасын қолдауды сұрады.

Республикалық бюджет түсімдері осы жылдың жоспарына қарағанда 432 млрд теңгеге ұлғая отырып, 2022 жылға 13 трлн теңге көлемінде болжанып отыр.

«Мұнайға қатысты емес түсімдердің үлесі биылғы 56,4%-дан 2024 жылға қарай 71,4%-ға дейін өседі деп болжанған. Бюджет тапшылығы 2022 жылы жалпы ішкі өнімге 3,3%-дан 2024 жылы 2,5%-ға дейін кезең-кезеңмен төмендеумен жоспарланып отыр. Шығыстар келесі жылы 15,9 трлн теңгені құрайды. Бюджеттің әлеуметтік бағыттылығы сақталуда. Үш жылдық кезеңде әлеуметтік сала шығыстары 26,7 трлн теңге болады. Оның ішінде 2022 жылы осы жылдың деңгейіне қарағанда 643,2 млрд теңгеге ұлғая отырып, 8,1 трлн теңгені құрайды. Бюджеттің жалпы көлеміндегі бұл шығыстарының үлесі ендігі жылы 50,8%-ға дейін өседі», − деді министр.
Бюджеттен шығатын шығындардың көп бөлігі әлеуметтік салаға, яғни, зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік осал топтарға арналған төлемдерге бағытталған.

Денсаулық сақтау саласына 2022-2024 жылдары 5,7 трлн теңге, қарастырылған осы қаражат аясында медицина қызметкерлерінің еңбекақысын ұлғайту көзделген. Білім және ғылым жүйесін дамытуға 3 жылға 7 трлн теңге, оның ішінде 2022 жылға 1,8 трлн теңге көзделген. Бұл биыл бөлінген қаражаттан 477,1 млрд теңгеге артық. Білім беру ұйымдарының педагогтары мен медицина қызметкерлерінің еңбекақысын көтеруге 4,3 трлн теңге, оның ішінде 2022 жылға 1,1 трлн теңге жоспарланып отыр.

Бұған қоса, «Нұрлы жер», «Нұрлы Жол», «Бизнестің жол картасы-2025», «Агроөнеркәсіп кешені» және басқа да мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға шығыстар көзделген. Олар біртіндеп ұлттық жобаларға ұласатын болады.

Azattyq Rýhy.




Көрілген: 886    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.10.2021, 15:47

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31