Мәселе

«Мұғалімдерді көше сыпыруға жіберген шенеуніктер жауапқа тартылады» – Асхат Аймағамбетов

  • «Мұғалімдерді көше сыпыруға жіберген шенеуніктер жауапқа тартылады» – Асхат Аймағамбетов

    «Мұғалімдерді көше сыпыруға жіберген шенеуніктер жауапқа тартылады» – Асхат Аймағамбетов

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Семей қаласында көше сыпырған мұғалімдердің құқы қорғалатынын айтты.

Бұл туралы министр Facebook-тағы парақшасында жазды.
Оның айтуынша, Семей қаласында оқу процесіне кедергі келтіріп, мұғалімдерді көше сыпыруға жіберген. Шамасы, мұндай тапсырманы қала әкімінің орынбасары беріп, осындай мазмұндағы хат мектептерге таратылған.

«2019 жылдың желтоқсанында қабылданған Заң шеңберінде педагогтерді өзіне тән емес функцияларға тартуға тыйым салынады. Содан бері мұғалімдер тек тікелей функционалдық міндеттермен айналысуы керек екенін түсіну үшін уақыт жеткілікті болды.

Мұндай бұзушылықтар үшін екі жүзге жуық басшы жазаланды. Олар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тіпті жұмыстан шығарылды.

Семей қаласындағы оқиғаға байланысты білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті әкімшілік іс қозғап, тексеру жүргізіліп жатыр. Қала әкімі орынбасарының бұл жағдайға қатыстылығы расталған жағдайда, аталған лауазымды тұлға және өзге тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Біз, сондай-ақ, қажетті шаралар қабылдау үшін Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жүгінеміз. Сонымен қатар қалалық білім бөлімінің басшысы да жауапқа тартылады», – деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Бұған дейін мұғалімдердің көше сыпыруына қатысты Білім басқармасы түсінік бергенін жазған болатынбыз.




Көрілген: 449    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.10.2021, 09:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31