Мәселе

Мүгедек қызды зорлау ісі: Шымкент әкімдігі тексерістің нәтижесін жариялады

  • © Photo : СС0 / truthseeker08

    © Photo : СС0 / truthseeker08

Шымкент әкімдігі президенттен көмек сұраған мүгедек қыздың анасының мәселесі бойынша мәлімдеме жасады. Онда тексерістің нәтижесі жарияланған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Әкімдіктің хабарлауынша, 28 жастағы Толғанай Батыршаева әкімдікке қарасты №2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қамқорлығына 2010 жылы тапсырылған болатын. Ал өткен жылы қарашаның 13-і күні оның анасы Әлия Мамұтова жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына ауызша арызданып, орталық мамандарының туған қызына жүктіліктің алдын алатын спираль құралын салып қойғанын айтты.

 

Осыдан кейін Батыршаеваның анасымен бірге Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасындағы бөлім басшысының міндетін атқарушы Оспанова мән-жайды анықтау үшін орталыққа барған.

 

"Тексеру кезінде ол қыздың жеке мұрағаттық деректерімен танысты. 2012 жылы гинеколог-дәрігердің жыл сайынғы профилактикалық тексеруінде Батыршаеваның пәктігінің бұзылғаны туралы мәлім болған", &ndash делінген мәлімдемеде.

 

Ал 19 қарашада қалалық полиция департаменті тергеу шараларын бастады. Сот-медициналық сараптамасы өткізілетін болды. Оған мүгедек қыздың анасы, Абай ауданының полиция бөлімінің қызметкері және интернаттың психиатр-дәрігері қатысты.

 

"Сонымен қатар, сот-психиатриялық, сот-биологиялық және кешенді сот-психологиялық-психиатриялық сараптамалар тағайындалды. Мәселенің мән-жайы аталған сараптамалар қорытындысы шыққаннан кейін мәлім болатынын хабарлаймыз", &ndash дейді жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлері.

 

Жалғызбасты ананың жанайқайы

 

Шымкент қаласының тұрғыны Әлия Мамұтованың бейнеүндеуі Telegram-арнасында жарияланған болатын. Мүгедек қыздың анасы арнайы интернатта тұратын қызына спираль жасырын түрде салынғанын мәлімдеді.

 

Оны өткен жылы қараша айында қызын көруге барғанда білген. Ал Гүлмира есімді психолог оны растады.

 

"Иә, салып қоятынымыз рас. Бұдан басқа, 43 қызға салып қойғанбыз. Егер спираль салып қоймасақ, бұлар екіқабат болып қала береді", &ndash деді ол.

 

Жалғызбасты ана интернатта, көбінесе, I-II топ мүгедектердің жатқанын еске салып, олардың кімнен және қалай екіқабат болатынын түсінбей отыр.

 

"Неге олар спиральді жасырын салады? Оны не үшін салады? Біз неге білмейміз? Анау 43 қыздың ата-анасы да білмейді. Ешкім естіген жоқ. Қызым айтпағанда білмей, жүре беретін едім. Сонда медициналық картада 2011 жылы қыз болып жазылған, ал 2012 жылы "спираль салынған" деп жазылып тұр", &ndash деп атап көрсетті Мамұтова.

 

Жалғызбасты ана полицияға арыз түсірген. Бірақ тергеу шараларына көңілі толмайды. Үш айдын кейін ол видео арқылы мәселенің мән-жайын жариялап, президенттен көмек сұрауды жөн көрді.

 

"Осы тергеу басталғалы қоғамдық шу шығармаңыз, ешқайда жарияламаңыз деп мені ұстап келді. Қазіргі тергеуге көңілім толмайды. Тергеу жүріп жатқан жоқ. Үш ай болды. Мен бұдан артық шыдай алмаймын", &ndash деді Мамұтова.

 

Полиция не дейді?

 

Шымкент қаласының полиция департаменті бірнеше рет жасалған зорлау әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

 

"Полиция департаментінің қызметкерлері жергілікті тұрғынның қызына қатысты заңсыз әрекеттер жасалғаны туралы арызы бойынша қылмыстық кодекстің 120-бабы, 2-бөлігінің 4-тармағы (бірнеше рет жасалған зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жалғастыруда. Тергеу барысында тиісті сараптамалар және бірқатар тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді", &ndash делінген ресми хабарламада.

 

Сотқа дейінгі тергеу аясында мекемеде жұмыс істейтін барлық ер адамдар мен 2010 жылдан бері жұмыс істеген азаматтардан жауап алынып жатыр.

 

 

 




Көрілген: 1841    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.01.2021, 19:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31