Мәселе

Мұхамеджан Тазабек желіні шулатқан сөзін түсіндірді

  • https://qamshy.kz

    https://qamshy.kz

Белгілі айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек өзін сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды sputnik.


"Қазақстанда ешкім аштан өлмейді. Қазақстанда аузы қимылдағанның қолы қимылдайды, қолы қимылдағанның аузы қимылдайды. Алаңға келген адамдардың 50%-ын "жертво" қылып шығарып жатыр. Сіз "приказбен" келдіңіз бе? Мемлекет үшін шаруаңызды жасаңыз". Бұл ақын Тазабектің жуырда полицейлермен кездесуінде сөйлеген сөзінен үзінді.


Тазабектің осы уағызы желіде тарап, біраз адамның ашуын туғызған еді. Кешелі бері желі қолданушылары ақынды сынға алып, сөгіп жатыр. Бүгін Мұхамеджан Тазабек инстаграм парақшасында сынап-мінегендерге өз жауабын берді.


"Жанашырларыма" үлкен "рахмет" айтқым келеді. Бүкіл кездесуіме барып, видеоларымды жинап, мінсіз монтаж жасап, қай күні қанша адамға насихат айтқаныма дейін тәптіштеп, ерекше еңбек жасаған екенсіздер... Басын аяғына, аяғын басына жапсырып, бір сөйлемді екіге бөліп тұрып монтаждап, айрықша майталмандық танытқан екенсіздер...Соншама кездесуде, мұншама "қатыгез, ел бұзарлық, екі жүзді" сөздер айтқан болсам, көзбе-көз естіп отырған бірде-бір тыңдарманның әлеуметтік желіде қарсы пікір білдірмегені қалай? Керісінше жүздесуден ұлттық рухы қайралып, ризашылықтан ақ батасын жаудырған мыңдаған ағайынның ақ тілегі алдамшы алғыстар ма еді?!", - деп жазған ол.



Ақын толық видео бар болса, ата мен әженің, ана мен баланың қадыр-қасиетін айтып, пагондылардың кейбірі көзіне жас алғанын неге көрсетпедіңіздер деп сұрайды.


"Қатайған жүректер мен тұрпайы мінездердің айыпталғанын, "бірінші кезекте тәртіп пен талапты өздеріңен бастау керек" дегенімді неге кесіп тастадыңыздар екен? "Бүлік кісі өлтіргеннен жаман, ол қатерлі жол" оның қатерлілігі жайлы "әлемнің барлық ғалымы келіскен, пәтуа берген" деп айтқанымды неге ажыраттыңыздар. Соңғы сөзді Меккедегі жамбастан тебетін полиция жайлы әңгіменің артына неге жапсырдыңыздар? Қытайдың әлем қауіптеніп отырған тұстары мен одан аман қалудың жолдары жайлы айтқан жарты сағаттық толғанысымды неге толық бермедіңіздер? "Қытайдан қорықпайық, Құдайдан қорқайық" деген алғашқы сөйлемді ғана неге ойып алдыңыздар?", - дейді Тазабек.


Осы орайда ол роликті жасаған немесе сол жиындарға қатысқан тыңдармандарына өтінішін білдірген.


"Кездесулер кәсіби камераға түсірілген екен. Оның үстіне әркімнің қалтасында смартфон жүр ғой. Ешбір жерде ешкімге түсіруге тыйым салғаным жоқ. Құқық қорғаушыларға қарата, "халықты аямаңдар, ұрыңдар, соғыңдар, олар бүлікшілер, аяғын сындырыңдар, ата-әжені жұлмалаңдар, әйелдер мен бала-шағаны шыңғыртыңдар" деген екі минуттық, тым болмаса монтаждалмаған бір минуттық видеоны жұртқа жариялаңыздаршы. Болмаса, қытайды жақтаған, оның даңқын аспандатқан 2 минуттық монтаждалмаған видеоны маған тауып беріңіздерші. Тауып берген кісіге астымдағы атымды түсіп беруге дайынмын", - дейді Тазабек.


Ол елдегі кемшіліктерді білетінін айтты.


"Білгендіктен сапамызды арттырып, сынғанды бүтіндеу үшін күндіз-түн шапқылап жүрміз. Алаңға шығу да қазаққа қол емес. Еуропалықтардай алаңға төртте келіп, алтыда қайтып кететін қазақты әзір көргенім жоқ. Шақырған тойдың өзіне кешігіп барып, үй иесінің ұйқысы келгенде бірақ қайтатын қауымбыз. Шайдан соң соң шай ішетініміз тағы бар. Шеру – біздің менталитетке шетін. Қазақтан алаңды қызғанбаймын. Арандап қаламыз ба, деп алаңдаймын. Бәле аяқ астында. Ниетіңіз бейбіт шеру шығар... "Жетіскеннен шығам ба" дерсіз... Эмоционалды ортаға келгесін ешкімге гарантия жоқ. От жағу оп оңай", - деп түйіндеген сөзін ақын.




Көрілген: 1520    Пікірлер: 0

жұма, 04.10.2019, 14:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31