Мәселе

Мұхтар Тайжан мемлекеттің ақшасын жеп отырғандарды атады

  • © Sputnik / Болат Шайхинов

    © Sputnik / Болат Шайхинов

Квазимемлекеттік секторға бөлініп жатқан мемлекеттік қаражатты қысқарту керек. Бұл туралы 2020-2022 жылдарға арналған бюджетті талқылау барысында қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Бүгін мен де қапа болып отырмын. Осымен бюджетті талқылауға екінші рет қатысып отырмын. Мен бір қорытындыға келдім. Бізде экономикалық саясат еш өзгерген жоқ. Демек, осы саясаттың нәтижесі де өзгермейді", - деді Тайжан парламентте өткен жиында.


Оның айтуынша, осы жолы тағы бюджеттен жүздеген миллион доллар квазимемлекеттік секторды, яғни "Самұрық-Қазына" қорына қарасты компаниялардың жарғылық капиталын толықтыруға қарастырылып отыр.


"Біз квазимемлекеттік секторды жаппай азайтуымыз керек. Квазимемлекеттік сектор дегенміз не? Ол – ҚазАгро, Самұрық, Бәйтерек, Даму, Аграрлық кредиттік корпорация. Осы әрбір холдингтің жүздеген шағын компаниясы бар. Олардың 90 проценті – банкрот. Олар тек мемлекеттің ақшасын жеп жатыр. Басқа пайда жоқ. Ақшаны жеп жатқаны былай тұрсын, экономикада жеке сектордың дамуына жол бермей отыр", - деп атап көрсетті Тайжан.


Оның сөзіне қарағанда, экономиканы дамыту үшін алдымен квазимемлекттік сектордағы пайдасыз компаниялардан құтылу қажет. Онсыз жеке сектор, яғни шағын және орта бизнес дамымайды. Ал бизнес дамымаса, жұмыс орындары құрылмайды.


Қоғам белсендісі өткен жылғы бюджетті де еске алды. Бас кезінде бәрін талқылап, бекітіп қойған. Бірақ қыркүйек айында тағы да "Цесна банкке" көмек беру туралы шешім қабылданды. Сөйтіп, бюджеттің қыруар қаржысы бөлінді.


"Жекеменшік банктерге көмек беруді тоқтату қажет. Соған біздің біраз ақшамыз кетіп жатыр. Содан экономикамыз да дамымай келеді", - дейді Тайжан.


 




Көрілген: 1302    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.09.2019, 17:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30