Мәселе

Мүлік иелерінің бірлестігі не үшін керек?

  • https://www.astana-akshamy.kz/

    https://www.astana-akshamy.kz/

Жыл басында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша жаңа заң күшіне енді. Онда тұрғын үй кешені тұрғындары мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) құра алатыны туралы жазылған. МИБ деген не және қандай артықшылығы бар?

 

Мүлік иелерінің бірлестігі – үйді басқарудың жаңа формасы. Ол бірқатар артықшылыққа ие. Бірінші кезекте бұл көппәтерлі үйлердегі ортақ мүлікті пайдалануға бөгде ұйымдардың емес, меншік иелерінің өздері жауап беретіндігімен ерекше, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

 

МИБ басқару формасы пәтер иелеріне үйді басқару, бөлінетін қаражат сомасы және оны қандай қажеттіліктерге жұмсау керектігін, қызмет жеткізушісін және оларды ұсыну жиілігін таңдауға мүмкіндік береді.

 

Тәжірибе жүзінде сыртқы ұйымдар көппәтерлі тұрғын үйлердегі жалпы үй мүлкін басқару және күтіп ұстау секілді міндеттерін тиісті деңгейде атқармайтынын көрсетті.

 

Меншік иелері өздері төлейтін 100% тарифтің ай сайын 30%-ы басқаруға, ал 70%-ы жалпы үй мүлкін пайдалану және ұстау қағидаты бойынша жұмсалатынын білуі тиіс.

 

ПИК пен өзге де ұйымдардың үйді күтіп ұстау жөніндегі міндеттерін орындамайтыны туралы шағым жиі-жиі қозғалады.

 

Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін үй иелері басқару формасын, атап айтқанда МИБ-ті таңдап, жиналыс өткізіп, оны тіркеуі керек.

 

Естеріңізге сала кетейік, ортақ мүліктің сақталуы мен қызмет көрсету сапасы үшін меншік иелері арнайы жауапты болады.

 

Осыған қатысты толық ақпаратты Республика көшесі, 32 мекенжайында орналасқан МИБ орталығынан алуға болады.

 

 

egemen.kz




Көрілген: 1075    Пікірлер: 0

сенбі, 03.07.2021, 21:50

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30