Мәселе

Мүмкіндігі шектеулілерді жылатқандар шектеусіз мүмкіндікке ие болды

  • https://www.ktk.kz

    https://www.ktk.kz

Бюджеттің 101 миллион теңгесін жымқыруға атсалысты деп айыпталған Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары айыппұлмен құтылды. Ақпаннан бері қамауда отырғаны ескерілген Жандос Әбішевке 3 миллион теңгені 3 айда төлеуге мүмкіндік берілді.


Ал оның інісі Елдар Әбішев те 5 жыл шартты жазамен құтылды. Олар кінәсін мойындап, бюджетке келген 101 миллион теңге шығынды өтеп беріпті.


Тергеу мәліметі бойынша, Елдос Әбішевтің фирмасы мүгедектерге арналған арбаларды сатып алу тапсырысын ұтып алған. Алайда жүре алмайтындарға арналған арбалардың сапасы төмен, ебедейсіз деп танылды. Сөйтсе, ол арзан арбаның бағасын қымбат етіп көрсетіпті.


Бұған оның лауазымды қызметтегі ағасы Жандос Әбішев қолдау көрсеткен. Ақырында ол арбаларға ешбір мүгедек отыра алмады. Тергеу орындары оған кәсіпкерлік іске заңсыз араласты деген айып таққан.


Алайда мүмкіндігі шектеулілерді жылатқандар шектеусіз мүмкіндікке ие болып, сот залынан үйіне оралды.


ktk.kz


 




Көрілген: 771    Пікірлер: 0

жұма, 06.09.2019, 09:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30