Мәселе

Мүшеқаппен бе, жоқ па: Қазақстанда төсек қатынасына Egov-та рұқсат алу ұсынылды

  • © babruysk.by

    © babruysk.by

Қазақстанда төсек қатынасына рұқсатты Egov арқылы рәсімдеу ұсынылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Қоғам қайраткері және жерлесіміз Аида Джексон Egov базасында жыныстық актіге электрондық келісім енгізуді ұсынды деп жазады 7152.kz сайты.

 

Аталған ақпарат әлеуметтік желіде лезде тарап үлгерді.

 

Басылым ақпарынша, ол Facebook желісінде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Мусин Бағдадқа Қазақстанда жыныстық қатынасқа электронды келісім енгізу бойынша озық жобаны бастау ұсынысымен жазба жариялаған.

 

"Осыған дейін жазғанымдай, Швеция төсек қатынасына серіктесінен рұқсат алуды міндеттейді. Олай болмаған жағдайда, жыныстық қатынас автоматты түрде зорлау болып есептеледі. Яғни, ұйықтап жатқан адамдарға, мастарға мүлде тиісуге болмайды. Кінәлі адам бірден түрмеге жабылып, мансабымен қоштасады. Рұқсатты нақты жасқа жеткен серіктес қана бере алады. Оларда 15 жастан басталады. Қазақстан осындай заңды одан әрі жетілдіріп, жыныстық актіге электрондық келісімді енгізген алғашқы ел бола алады", -деп келтіреді Аиданың сөзін 7152.kz.

 

Басылым дерегінше, Джексон жүйенің қарапайым болу қажеттілігін жазған. 16 жасқа толған әрбір қазақстандық Egov порталында электрондық келісімді растай алады. Сондай-ақ, оларда төсектегі серіктесінің сұрақтарына жауап беріп, тиісті қатарды (классикалық, мүшеқап пен ойыншық пайдалану арқылы және т.б) таңдауға мүмкіндік бар.

 

Джексон рұқсатты рәсімдеуге 30 секунд қана кететінін жазды дейді басылым. Ал егер серіктесіңіз келісімді 5 минут ішінде растамаса, сұраныс жойылады.

 

 

 




Көрілген: 1252    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.10.2020, 09:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 02:46
    Жайық құрып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30