Мәселе

«Мұздатқыштан баланың денесін тапқан»: күдіктіге қатысты шешім шықты

  • «Мұздатқыштан баланың денесін тапқан»: күдіктіге қатысты шешім шықты

    «Мұздатқыштан баланың денесін тапқан»: күдіктіге қатысты шешім шықты

Алматы облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты өз ұлын тоңазытқышқа салып өлтірген әйелге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сараптама қорытындысына сәйкес, 27 жастағы әйел созылмалы психикалық ауруға шалдыққан. Ол қылмыс жасаған кезде параноидты шизофренияның әсерінде болған.   

"Күдікті жасаған әрекеті қауіпті екенін сезбеген. Сот алдында жауап бере алмайды. Сол себепті мамандандырылған психиатриялық стационарда мәжбүрлі түрде емдеу сияқты медициналық сипаттағы шараны қолдануға кеңес береміз", - делінген сарапшының қорытындысында.
Осының негізінде сот қылмыстық істі тоқтатып, айыпталушыны мамандандырылған психиатриялық стационарда мәжбүрлі түрде емдеуге жіберу туралы шешім қабылдады.  

Айта кетейік, өткен жылы қараша айында полицияға баланың әпкесі хабарласып, үш жасар ұлды шілде айынан бері көрмегенін жеткізді. Ал анасы сәбиді Талдықорған қаласында жалдамалы тәрбиешіге бергенін айтқан, алайда үйіне кіргізбеген. Бұл жерде шикілік бар екенін сезген әйел үйге терезеден кіріп, мұздатқыштан баланың денесін тапқан.

Содан кейін полиция күдіктіні іздеп, біраз уақыт өткен соң Үштөбе қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Ол ұлын өлтіргенін мойындады. Оның айтуынша, баланың әкесімен ажырасып кеткен. Ол басқа елде тұрады.
Sputnik Қазақстан.




Көрілген: 1834    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.05.2021, 22:48

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30