Мәселе

Мыңнан аса планшет жарамсыз болып шықты

  • Мыңнан аса планшет жарамсыз болып шықты

    Мыңнан аса планшет жарамсыз болып шықты

Қашықтан оқу кезінде көпбалалы отбасынан шыққан балаларға сабақ оқуға қажет планшет құрылғылары тегін таратылып жатқаны белгілі. Су жаңа планшеттердің ішінде істен шыққандары да бар. Бір ғана Алматыда мыңнан астам құрылғыға қатысты шағым түсірілген, - деп жазды Аikyn.kz.

Тарқатып айтар болсақ, алматылық ата-аналар тегін таратылған планшеттердің істемейтінін айтып, шағым қалдырған.

Қала әкімдігінде құрылған арнайы комиссия сараптаманың бірінші кезеңін қорытындылады. «Өткен аптада көпбалалы аналардың тарапынан көп шағым келді. Соған байланысты біз ата-аналардың қолындағы планшеттердің техникалық талапқа сай екенін анықтау үшін арнайы тәуелсіз сараптама тағайындадық», &ndash деді қоғамдық бақылау үйлестірушісі Саида Тәуекелева.

Қалада жалпы құны 1 млрд 319 мың теңге болатын 22 мың планшет таратылған. 1 планшет құны 60 мың теңге шамасында екен. «1 119 планшет жарамсыз боп шықты. Бұл бұйымдарды жеткізушіге қайтардық», &ndash деді қалалық Білім басқармасы басшысының орын­басары Айдын Сайлаубай. Сарапшылардың пікірінше, техникалық ақаулар механикалық әсерден болуы мүмкін. «Зауыттан болған ақау болса, жеткізуші ауыстырып береді. Бұл техника болғандықтан, бұзылуы мүмкін. Планшет ойнауға емес, сабақ оқуға берілетінін ескеру керек», &ndash деді мониторинг тобының өкілі Рафаэль Гасанов. Оның айтуынша, планшеттерге 3 жыл кепілдік беріледі. Алматы оқушыларының 96 пайызы қашықтан білім алуы үшін қажетті құ­ралмен қамтылған. Егер планшет механикалық әсерден істен шықса, оны ауыстыру заң бойынша қарастырылмақ.


Айша ЕРСҰЛТАН




Көрілген: 363    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.09.2020, 09:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қазан, 23:05
    Кімге ренжиміз?..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31