Мыстанның теріс дуасынан қыздар өліп кетті – Айгүл Елшібаева психолог Құралай ханым жайлы

21 қараша 2022, 19:03

Белгілі әнші Айгүл Елшібаева психолог Құралай ханымның сабақтарының кесірінен түрлі қиындыққа тап болған, тіпті өз-өзіне қол жұмсап жатқан адамдар көбейгенін жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Елдің түкпір-түкпірін аралап, түрлі семинар-тренингтер өткізіп жүрген психологтан зардап шеккен азаматтардың хатын әнші өзінің  Instagram-дағы парақшасында жариялады. Хаттардың бірінде психологтың ақылы сабағынан кейін көз жұмған қыз бала жайлы айтылған. Жәбірленуші қызының мезгілсіз қайтыс болуына Құралай ханымды кінәлі деп есептейді.

 

“Менде еш дәлел болмай тұр. Тек қайтыс болғаннан кейін енесі 40 ине қадалған апельсинді тауып, маған хабарласты. Ал мен қызымның Құралай ханымның сабақтарына қатысып жүргенін білемін”, — делінген хатта.
Бірнеше хатты жариялаған Айгүл Елшібаева жұртты адастырып жүрген психологтан сақтануға шақырды.

 

"Мына мыстан өзі рухани надандықтан, мешеуліктен жасаған қылмысы үшін халықтан еш кешірім сұрамады. Психологпын деп, діни сауаты жоқ елге қара магияны үйреткен, ақшадан көзі көрмейтін, атаққұмар Құралай мыстанның теріс дуасынан қыздарым өліп кетті деп, аналары, туыстарының зарлаған жазбасына, маған сенбегендер суретті жылжытып оқыңдар", — деп жазды Айгүл Елшібаева.

 
Сондай-ақ, ол желідегілерге білімді нағыз мамандардан алу керегін ескерткен. 

 

“Залымның залымдығын айту күнә емес. Залым артынан залымдарды ертіп тура жолдан тайдырады деген. Мен психологтардың ешқандай тренингіне қатыспағанмын. Маған Құралайдың ақылы сабақтарына қатысып, 40-кун дұға жаттап  жолы болмаған адамдар көптеп жіберуде. Мен барлығына жауап беруге уақытым жоқ. Адасушыларға айтарым, ендігі жерде кеңесті діннен сауатты молдалар мен сауатты психологтардан сұрап алыңдар”, – деді әнші.