Мәселе

Науқастармен байланыста болған адамдарға қатысты ереже өзгерді

  • Науқастармен байланыста болған адамдарға қатысты ереже өзгерді

    Науқастармен байланыста болған адамдарға қатысты ереже өзгерді

 Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығында өткен тікелей эфир барысында ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.
Бас санитар 27 мамырда №37 қаулыға қол қойған болатын. Ол бүгінгі сұхбатын осы қаулыға қатысты бастады.

Шетелден әуе рейстері арқылы келген азаматтардың, яғни ҚР мемлекеттік шекарасынан 5 күннен кешікпей өтуіне берілген коронавирусқа қарсы ПЦР-тест нәтижесі теріс болса, бұл адамдар 14 күнге үй карантиніне оқшауланады. Бірақ, олар коронавирусқа тексерілуі үшін екі күндік карантиндік стационарға жатқызылмайды. Екіншіден, жоспарлы медициналық қызмет көрсету жұмыстары қайта басталды. Біз оған рұқсат бердік. Үшіншіден, біз науқастармен байланыста болған адамдарға қатысты ережені өзгерттік. Бұрын науқастармен байланыста болғандарды тұтас қарастыратын болсақ, қазір жақын байланыста болғандар және ықтималды байланыста болғандар деп бөлеміз. Жақын байланыстағылар – бұл науқастың жанында 15 минутқа дейін 1,5 метрден аз қашықтықта болғандар. Ал ықтималды байланыстағылар науқастың жанында 15 минуттан аса уақыт 1,5 метрден ұзақ қашықтықта болғандар. Бұған дейін жақын байланыста болған азаматтар ПЦР тесттен өтуге міндеттеліп, карантиндік стационарға жатқызылатын еді, қазір бұл әдіс өзгерген. Олар тестілеуден анықталған кезде және карантиннен шыққан кезде өтеді. Осы орайда оларға егер үйде жатуға жағдай болса, карантиндік стационарда емес, үйде жатуға мүмкіндік береміз. Тек ол адамдар 14 күн бойы үйде болатыны туралы қолхат жазып беруі қажет. Ал ықтималды байланыстағыларға қатысты айтарым, біз оларды да тестілеуден өткіземіз. Бұрын олар өздерінің тұрғылықты жері бойынша 14 күн бойы үй карантинінде оқшауланса, қазіргі таңда бұл талап етілмейді. Тек олар денсаулығында қандай да бір ауру белгісі байқалса, медициналық мекемеге жүгінуге келетіні туралы қолхат жазып береді. Олар үй карантиніне жатқызылмайды. Бұл адамдар емін-еркін жүре алады, тек денсаулықтарын қадағалап отыруы шарт, - деді ол.
Бас санитардың айтуынша, 70 пайыз жағдай симптомсыз тасымалдаушы болып келеді. Бұған дейін симптомсыз тасымалдаушы дерті бар адамдар міндетті түрде жұқпалы аурулар стационарына жіберіліп, емдеу шаралары аяқталғанға дейін сонда болатын еді.

Қазіргі таңда ол адамдар инфекциялық стационарда 3 тәулікке дейін ем қабылдап, өздерін жақсы сезінсе, онда үй карантиніне жіберіліп, қоңырау шалу немесе бейнеқоңырау жасау арқылы бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) қызметкерлерінің үнемі бақылауында болады. Сонымен қатар, тестілеу әдісінде де өзгеріс бар. Себебі, тестілеуден өтуі керек адамдар саны, жағдайға байланысты тест жасау контингенті үнемі өзгеріп отырады. 13 сәуірден бастап профилактикалық тестілеу өткізіліп келеді, - деді ол.

BAQ.KZ




Көрілген: 754    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.05.2020, 14:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Маусым, 10:49
    Той көбейсе, жан қайғы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31