Мәселе

Науқастың өліміне 3 миллион, дәрігердің кінәсінен бала мүгедек болып қалса - 1,5 миллион: Жаңа тұжырымдама ұсынылды

  • Науқастың өліміне 3 миллион, дәрігердің кінәсінен бала мүгедек болып қалса - 1,5 миллион: Жаңа тұжырымдама ұсынылды

    Науқастың өліміне 3 миллион, дәрігердің кінәсінен бала мүгедек болып қалса - 1,5 миллион: Жаңа тұжырымдама ұсынылды

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының тұжырымдамасында медициналық қызметкерлердiң кiнәсiнен өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу мөлшерi аталды, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сақтандыру жүйесін енгізудің бастапқы кезеңінде денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу сомасын есептеу механизмін пайдалану ұсынылады. Дәрігер пациенттің өміріне немесе денсаулығына келтірілген және оның өліміне әкеп соққан зиян үшін – 1 мың АЕК, бірінші топтағы мүгедектерге – 800 АЕК; екінші топ – 600 АЕК; үшінші топқа – 500 АЕК; мүгедек балаға - 500 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді", - делінген тұжырымдамада.

 
Денсаулыққа өзге де зиян келтіру 300 АЕК мөлшерінде науқасты амбулаторлық немесе стационарлық емдеуге жұмсалған нақты шығындар мөлшерінде өтелуі жоспарлануда.

"Станционарлық емделудің әрбір күні үшін сақтандыру төлемінің мөлшері 10 АЕК-тен аспауы керек. Сақтандырушы жұмыс беруші – медициналық ұйым", - делінген құжатта.

Бұған дейін Қазақстанда соңғы 3,5 жылда дәрігерлерге қатысты 60-қа жуық қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған болатын. Тұжырымдамада дәрігерлердің әрекетінен зардап шеккендерге өтемақы төлеуге қатысты түзетулер де қарастырылған. 




Көрілген: 703    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.11.2021, 00:24

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31