Мәселе

Назарбаев дәуірі өтті – Бекболат Тілеухан (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

«Ана жерде тұрған полицелер де біздің бауырларымыз көзі жәутеңдеп тұрған. Ал алаңда эмоцияға беріліп жатқан менің ұлдарым мен қыздарым. Бұл өте қиын қасірет».


ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан наразылыққа шыққан көпшілікке қатысты пікірін айтты. Назарбаев дәуірі өтті деген ол халықты сабырға шақырды.


«Әрине қыжыл бар. Несиесін жаба алмай жатқан елдер бар. Үйін-күйін, жағдайын жасап жатқысы кеп жатқан елдер бар. Бірақ бұл Әблязовтің айтағымен шешілмейді.


Ана жерде тұрған полицелер де біздің бауырларымыз көзі жәутеңдеп тұрған. Ал алаңда эмоцияға беріліп жатқан менің ұлдарым мен қыздарым. Бұл өте қиын қасірет.


Тоқаев айтты ғой «старые проблемы, новые решения». Мұрсат берейік. Жаңа дәуірге өттік. Назарбаев дәуірі өтті. Өзінің тиесілі шаруасын бітірді. Астанасын салды. Бүкіл әлемге танытты. Бірақ Қазақстан сияқты елге сыртпен қарым-қатынас жасайтын дипломат керек екенін біліп отырсыздар», – деді Бекболат Тілеухан.


9 маусымда Қазақстанда президент сайлауы өтті. Осы күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда наразылық өтіп, полиция жүздеген адамды ұстады.


10 маусымда орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының нәтижесін жариялады. ОСК дерегінше, «Нұр Отан» кандидаты, қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев 70 пайыздан артық дауыс жинаған.



 




Көрілген: 10364    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.06.2019, 10:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30