Мәселе

«Індет салдарынан 25 миллионға жуық адам жұмыссыз қалуы мүмкін» - БҰҰ Бас хатшысы

  • «Індет салдарынан 25 миллионға жуық адам жұмыссыз қалуы мүмкін» - БҰҰ Бас хатшысы

    «Індет салдарынан 25 миллионға жуық адам жұмыссыз қалуы мүмкін» - БҰҰ Бас хатшысы

Осы мақсатта ұйым кедей мемлекеттер үшін арнайы қор ашып, соған біраз қаржы жинауды ұсынды.

Біріккен ұлттар ұйымының Бас хатшысы Антонио Гутерриш коронавирус салдарынан 25 миллионға жуық адам жұмыссыз қалуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Ол Covid-19 індетінің әлемді Екінші дүниежүзілік соғыстан бері көрмеген дағдарысқа әкеп соқтырғанын айтады. Айтуынша, бұл қиындықтан да өтуге болады, тек шенеуніктер «саяси ойындарды» қоя тұрып, ынтымақтастық танытуы қажет.

Осы мақсатта ұйым кедей мемлекеттер үшін арнайы қор ашып, соған біраз қаржы жинауды ұсынды. Дегенмен, пандемия әкелетін шығын көлемі миллиард емес, триллионнан асатынын мойындап отыр.

«Біз ынтымақтастық танытуымыз керек. Вирусты бірге жеңіп, әділетті әлем құра аламыз. Экономиканы қалпына келтіру барысында халықаралық қоғамдастық инклюзивтік қағидаттарын ескеруі қажет. Сондай-ақ, пандемия, климаттың өзгеруі және басқа да жаһандық сын-қатерлерге қарсы тұра алатын экономиканы құру керек», - дейді Антонио Гутерриш.

 

 




Көрілген: 219    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.04.2020, 23:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31