Мәселе

"Не масқара?": Ақшаға құныққан дәрігерлердің қулық-сұмдығы әшкере болды

  • "Не масқара?": Ақшаға құныққан дәрігерлердің қулық-сұмдығы әшкере болды

Соңғы алты айда анықталған 12 мыңдай жалған қабылдаудың кесірінен бюджеттің 75 миллион теңгесі талан-таражға түскен

Қазақстандағы емханалар ебін тауып жалған қабылдау жүргізіп, көрсетілмеген медициналық көмекті "көрсеттік" деп жазған.

Жұрт оңай ақшаға кенелгісі келгендердің ісін әшкерелеп, әлеуметтік желіге бірінен соң бірі жазба жариялап жатыр, деп хабарлады КТК.

Айгүл Өтепова елордадағы №13 емханада демікпе ауруымен тіркеуде тұр. Әлеуметтік желілердегі қызу талқыдан соң, Айгүл "Дамумед" қосымшасына кіріп, дәрігер қабылдауына жазылған күндерін қарайды. Сөйтсе, оның да сыртынан қабылдау жасалған. Елорда тұрғыны мұны "алаяқтық" деп отыр.

Бас шаһардың тағы бір тұрғыны Айгүл Қанапинаның да "Дамумедке" таңы бар. Оны дәрігерлері түнгі сағат бір жарымға қабылдауға жазып қойыпты.

"17 маусым күні "Дамумед" бағдарламасында түнгі сағат 1 жарымда Нұр-Сұлтан қаласының №2 емханасындағы дәрігерге жазылған екенмін. Не масқара?! Түнде емханада мені ешкім қабылдамайтыны белгілі ғой. Кейін тағы қарап отырсам, екпе егілген, дәрі берілген. Мен ешқайсысын алған жоқпын", - деп ашынды Айгүл Қанапина.
Айта кетейік, "Дамумед" мобильді қосымша арқылы науқастар дәрігер қабылдануына жазылып, ем алып, жедел жәрдемді де шақырта алады.

Емханалардың мұндай әрекетке баруының мәні мынада: "Дамумед" арқылы ем-дом шаралары жүргізілсе, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан ақша бөлінеді. "Бармақ басты, көз қыстыға" барған ақ халаттылар осылай оңай олжаға кенеледі. Адамды емдемей, тек қалтасына қызыққандардың ісін денсаулық сақтау министрлігі біледі екен. Соңғы алты айда анықталған 12 мыңдай жалған қабылдаудың кесірінен бюджеттің 75 миллион теңгесі талан-таражға түскен.

"Қазір заңды тұрғыда сараптама жүргізіліп жатыр. Дәрігерлер мен емхана басшыларына қатысты жазаны қатаңдату жағын қарастырамыз. Бұл өрескел заңбұзушылық. Мұндай қателіктер адамдардың өміріне, денсаулығына қатты әсер етуі мүмкін", - дейді денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.

Енді өтірік емдеген емханаларға айыппұл салынады. Айыппұл көлемі медициналық қызмет көрсету құнының 300 процентін құрайды. Оны емхана басшылары төлеуі тиіс. Ал дәрігерлер тәртіптік жазамен құтылады.

 

sputniknews.kz




Көрілген: 555    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.08.2020, 10:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31