Мәселе

«Неге жерді босатпайсыз?»: Қызылорда облысындағы 455 мың гектар жайылым - депутаттың інісіне тиесілі

  • Көрнекі фото:  http://handcent.ru/

    Көрнекі фото: http://handcent.ru/

Белгілі саясаткер, Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің белсенді мүшесі Мұхтар Тайжан Қызылорда облысының Сырдария ауданына қарасты Нағи Ілиясов ауылындағы 455 мың гектар жайылымдық жерді бір-ақ адам иеленіп отырғанын жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 

 

Сол ауылдың тұрғындары қоғам белсендісін жайылымға жер жетпеген соң, Жер туралы заң мен космомониторингті түсіндіруі үшін шақырған екен.

 

«Жайылымдық жерлер бар ғой, бірақ, бір отбасы қоршап алған. Бүгінгі қазақ ауылының классикалық проблемасы. Қоршап алған кісі кім? Мәжіліс депутаты Абзал Ералиевтың інісі – Дархан. Бос тұрған жайылымдық жерлерді неге халыққа босатып бермеске?

 

Ал жергілікті ауыл әкімі – 1990 жылы туған Сағадат Нұрмағанбетұлы деген жас жігіт бізге жиын өткізу үшін, тіпті, Мәдениет үйін де бермей қойды. Одан бұрын бұл жігіттің әкесі де, ағасы да осы ауылдың әкімі болып істеген. Ким Ир Сен, Ким Чан Ир секілді бұл ауылда династия пайда болған...

 

Бізбен бірге жайылымдық жерлерді талқылаудың орнына, полицияны шақыртып қойды. Бірақ, мен сол ауылға тағы барамын, жергілікті халықпен жиынды тағы өткізуге тырысамыз. Журналистерді шақырамын. Біріксек қана жерімізді латифундисттерден босата аламыз!» - дейді Мұхтар Тайжан.

 

 

Сондай-ақ, ол facebook парақшасына осы бір мәселеге қатысты тағы екі жазба қалдырды.

«Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылының халқы қатты ашынған. Жергілікті латифундист отбасы – Ералиевтер мыңдаған гектар жайылымдық жерді қоршап алды. Шөп бермейді, дивиденд төлемейді.

Жоғары биліктің назарына! Жер мәселесі – жарылайын деп жатқан, газға толы тағы бір бөлме. Жер мәселесін жақын арада шешіп алмасаңыздар, бұл бөлме де жарылайын деп тұр!» - деді бірінші жазбасында.

 

 

Осы орайда, қоғам белсендісі ауыл халқымен кездескен және қоршалған жерге барған екі видеосын қоса жариялады.

«Жалпы, Қызылорда облысы бойынша 455 мың га бос жатқан жайылымдық жерлер біреулердің (латифундисттердің) қолында тұр. Бірақ, олар жерді ұтымды пайдаланбай отыр. «Собака на сене» деген осылар.

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов мырза, Сіз неге латифундистермен жұмыс істемейсіз? Неге жерді босатпайсыз? Бұл жер үшін ата-бабаларымыз қан төккен жоқ па, әкім мырза? Неге жер санаулы отбасылардың қолында ғана болуы керек? Әлде, Абзал Ералиев сияқты Мәжіліс депутаттарына қарсы шыға алмайсыз ба?» - деді ол екінші жазбасында.

 

 

Сондай-ақ, Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовтың атына Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан жолданған хаттың көшірмесін жариялады. Онда мыңдаған гектар жер игерілмей, мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану туралы тапсырмасының орындалмағаны атап көрсетілген.

 




Көрілген: 1736    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.02.2020, 10:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30