Мәселе

Неліктен балалар Ashyq арқылы тексеруден өтпейді?

  • Неліктен балалар Ashyq арқылы тексеруден өтпейді?

    Неліктен балалар Ashyq арқылы тексеруден өтпейді?

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният неліктен Ashyq кіргізу жүйесіне балалар тіркелмейтіні туралы сұраққа жауап берді.
Вице-министр атап өткендей, балалардың арасында да аурушаңдық өсіп отыр. Балалардың да ауру тарату жолдарының басты себепкері екені белгілі.

Қазіргі таңда Ashyq жүйесіне 10 мыңнан астам ұйым тіркеліп, 2 млн-нан астам ересек адам жобаға қатысып жатыр. Ең алдымен ересек азаматтармен аталған жобаның тиімділігін, COVID-19-бен бірге өмір сүріп жатқандықтан оның қағидасын тиімді жүргізу үшін ересектер арасында бастадық. Кейін балалар да мектепке, жоғары оқу орындарына баруды бастайды, - деп жауап берді Ажар Ғиният брифингте.
Министрлік өкілі алдағы уақытта Ashyq жүйесін әрі қарай жетілдіруді қолға алатындарын айтты.

Қазіргі таңда жобаны ересек азаматтар арасында енгізіп, Ashyq-тың сапалы жұмыс істейтінін қарастыруымыз керек, - деп толықтырды ол.
Еске сала кетейік, 18 жасқа дейінгі балалар Ashyq жүйесіне тіркелмей-ақ ғимараттарға кіргізіледі.

Бұған дейін еліміздің теміржол вокзалдары да Ashyq кіргізу жүйесіне өткендігі туралы хабарлаған болатынбыз.

BAQ.KZ




Көрілген: 522    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.06.2021, 14:01

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31