Мәселе

Неліктен сұранысқа ие мамандар Қазақстаннан кетуге асық? Сарапшылар жауап берді

  • Неліктен сұранысқа ие мамандар Қазақстаннан кетуге асық? Сарапшылар жауап берді

    Неліктен сұранысқа ие мамандар Қазақстаннан кетуге асық? Сарапшылар жауап берді

Еңбек нарығында пандемия кезеңінде ең қажетті мамандықтар: дәрігерлер, аграрийлер және IT-мамандар тапшылығы байқалады. Тиісінше дәл осы мамандар Қазақстаннан жиі кетеді. Ranking агенттігінің мәліметінше, былтыр пандемияға қарамастан, елден 29 мыңнан астам адам кеткен. Олардың көпшілігі - техникалық мамандар, экономистер, тәрбиешілер және дәрігерлер. Бұл туралы "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жыл сайын Қазақстаннан кететіндер саны келушілерге қарағанда көбірек. Былтырғы коронавирус та ерекше жағдай болған жоқ. 29 мыңнан астам қазақстандық елден кетті. Ең жаманы, олардың жартысы білікті мамандар. Техниктер, экономистер мен оқытушылар көш бастап тұр. Олар көбінесе Ресейге, Германияға және АҚШ-қа кетеді. Бір қызығы, Өзбекстан да қазақстандықтар жиі қоныс аударатын елдер қатарына кірді. Елден көшкендер негізінен жақсы табыс іздеп кетеді.

 
"Халықтың нақты табысын ескере отырып, егер ол долларға айырбасталса, 415 доллар – қазақстандықтың орташа жалақысы. Бұл, өкінішке қарай, жеткіліксіз, әсіресе әлеуметтік маңызды салалардағы жалақыны қарастыратын болсақ: медицина, мұғалімдер - әлдеқайда төмен", - деді Ranking.kz басқарушы директоры Седред Асретов.

Мамандардың айтуынша, кадрлардың кетуімен елдің болашағы бұлыңғыр бола түсуде. Ерте ме, кеш пе, бұл халықтың өмір сүру деңгейіне әсер етеді. Өйткені, егер ертең білікті мамандар болмаса, онда емдейтін, оқытатын, жөндейтін адам қалмайды.

"Тағы бір қарапайым және түсінікті мысал: егер біздің республикамызда мұнай химиясы бойынша мамандар болмаса, онда біз тек мұнай өндіріп, сата аламыз. Егер бізде мұнай химиясы бойынша мамандар болмаса, өндірілетін мұнайдан бензин шығара алмаймыз. Біз көптеген шетелдік экономикалар үшін шикізат көзі болып қала береміз", - деді бұқаралық коммуникация саласының маманы Нүркен Халықберген.

"Сондықтан үкімет кадрлардың кетуі туралы шындап ойлануы керек және оларды алып қалу үшін бәрін жасауы тиіс. Ол үшін өмір сүру сапасын, кірістерді, білімге қол жетімділікті жақсарту және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту қажет", - деді арна тілшілері.




Көрілген: 692    Пікірлер: 0

жұма, 16.04.2021, 12:27

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31