Мәселе

Неліктен вакцинацияланған жолаушылар ұшаққа отырар алдында ПТР анықтамасын ұсынуы керек?

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы «Елдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және вакцинация жүргізу барысы туралы» өткен онлайн брифинг барысында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты.

 

Шын мәнінде, біз вакцинация паспортын адамның жағдайын нақты анықтау үшін, жүйеде азаматтың вакцинаның алғашқы дозасын қашан алғанын көруіміз үшін вакцинацияның көлемін есепке алу және жоспарлау мақсатында енгізгенімізді еске салғым келеді, - деді Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі.

 

Марат Шоранов ПТР-тест өткізу бойынша шектеулерді алып тастау үшін жағдайды жеңілдетуге қатысты бүгінде халықаралық тәжірибе зерделенгенін және вакцинация көлемі айтарлықтай көп елдердегі жағдай қаралғанын атап өтті.

 

Олар әуе кемесіне қатысты ПТР-тест жүргізу ережелерін тоқтатпады. Вакцина алған адамның да коронавирустық инфекцияның тасымалдаушысы болу мүмкіндігіне байланысты, бірінші кезекте, барлық жолаушының денсаулығын ойлауымыз керек, - деп түсіндірді вице-министр.

 

Ол бұған дейін 18 жасқа дейінгі балаларға вакцина салу мәселесіне қатысты пікір білдірген болатын.

 

 

 

baq.kz




Көрілген: 535    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.04.2021, 19:01

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31