Мәселе

"Несие алуға мәжбүрлеген": Елордада 200-ге жуық әйел косметологтарға алданды

  • "Несие алуға мәжбүрлеген": Елордада 200-ге жуық әйел косметологтарға алданды

Косметологтардың көмегіне жүгінген елордалық 200-ге жуық қыз-келіншек сан соғып қалды. Ең сорақысы, медициналық орталық оларды несие алуға мәжбүрлеген. Банктен қомақты қаржы алған. Санаулы минутта сұлулықтың емес, алаяқтардың құрбаны болғанын қыз-келіншектер кеш түсініпті. Ал косметологиялық орталықтың иелері биыл карантинге жабылған күйі ізім-қайым жоқ. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Сұлулық салондарының бастапқыда "тегін қызметі" кейін бірнеше жылдық несие рәсімдеумен аяқталыпты. Әрқайсысында банктен алынған қарыз көлемі әртүрлі.

"Екі жылға "Альфа банкке" 369 мыңға кредитке отырғызды. Айына 15400 теңгеден төлеймін", - дейді алданған келіншек. Алған ем-домның бірде-бір пайдасы болмай, крісінше, ерніне жара шыққан.

"Ерніме ұшық шыға бастады. Содан келуге қорықтым. Ұшықты олар иммунитетімнің төмендігінен деді. Ертеңінде сол жара шықты, келе алмай қаламын. Айлап келе алмай, солай 6 ай келмедім. Алты айдан кейін карантин басталды. Карантиннен соң келіп едік, жоқ деді ғой", - дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Айгүл Ермағамбетова.

Есілдің сол жағалауында орналасқан косметологиялық орталық қазір ашық. Бірақ ол жерде бұрынғы басшылық жоқ. Барлық құрал-жабдығын жинап, қашып кеткен. Бұл қыз-келіншектермен бірге, орталықтың бұрынғы қызметкерлері де неше айдан бері жалақы ала алмай жүрген көрінеді.

"Халықаралық іздеу жариялағандарына қарағанда, олар Қазақстанда емес сияқты. Шындап келгенде, мен ешқандай да косметологиялық қызметті алғым келмейді. Айнып қалдым. Бұл менің бет-әлпетім, сондықтан мен оны басқа біреулерге емдетуге сеніп тапсыра алмаймын. Толығымен келісімшартты бұзып, ақшамды қайтарып, мына төлеп жатқан несиені жабуды ойлап отырмын", - дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Сандуғаш Байсадықова.

Алданған әйелдер адвокат жалдаған. Сотқа арыз бермекші. Заңгердің айтуынша, бұл алаяқтардың әрекеті.

"Алаяқтық ісінен 200-ге жуық адам зардап шегіп отыр. Бұл тек менің қарауымдағы адамдар. Өйткені күн сайын осы медициналық орталықтан желініп, заңсыз несие рәсімдегендер, еш қызмет алмаған адамдар қосылып жатыр. Қазір іс Ішкі істер министрлігінің қарауында", - дейді адвокат Еркінбек Орынбаев.

Ішкі істер министрлігі салонның бұрынғы әкімшілеріне қатысты алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғапты. Халықаралық іздеу де жариялаған. Күдіктілер Ресейде бой тасалап жүрген көрінеді. 




Көрілген: 483    Пікірлер: 0

жұма, 26.06.2020, 23:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31