Мәселе

"Нұр-Сұлтан ақ жағалылардың мейірімсіз қаласы": Британиялық басылым жастардың неге Қазақстаннан көшуге әуес екенін жазды

  • "Нұр-Сұлтан ақ жағалылардың мейірімсіз қаласы": Британиялық басылым жастардың неге Қазақстаннан көшуге әуес екенін жазды



Танымал британиялық The Calvert журналы Z ұрпағының неліктен Қазақстаннан көшіп кеткісі келетіні туралы мақала жариялады. Аталған мақалада бойжеткендер әйел теңсіздігі, мейірімсіздік сынды тақырыптарды көтерген, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.  



1997 жылы Астанада дүниеге келген балалар  жақында ғана Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне қаланың атын Нұр-Сұлтан деп ауысқан туған қалаларымен бірге өсіп, дамыды. Алайда кез келген жас қазақтан астанасына қалай қарайтынын сұрасаңыз, немқұрайлықпен қарайтынын байқайсыз. 


Орталық Азияның Дубайы деп атайтын қала бүгінгі шыңдалған жастарды қуып жете алар емес. 


«Мұндай футуристік қала үшін Z ұрпағының көп бөлігі Нұр-Сұлтанда болашағын көрмейді» - дейді қазақ жастары мен астана арасындағы қиын қатынасты көрсететін фотолар авторы Ира Лупу. 


«Олар үшін бұл – уақытша орын. Осы жерде  оқуын бітіріп, артынша шетелге немесе мәдени қала Алматыға көшуді қалайды» - деді ол.


Лупу Қазақстанға келген кезде Нұр-Сұлтан туралы «мейірімсіз қала», «тым стерильді», «тым қауырт» деген пікірлер естіген. Қазақстан астанасында мұнайға бай Доха, Дубай, Кувейттегідей зәулім үйлер көп және қаланың қазіргі келбеті консервативті әлеуметтік дәстүрлермен байланыспайды. Жас тұрғындар үшін тым тымырсық. 


Лупаның Қазақстанға келуі – кездейсоқ. Ол Оңтүстік Азияда саяхаттап жүріп Одессаға бет алғанда Нұр-Сұлтанға тоқтап, қаладағы уақытын артығымен пайдалануды дұрыс деп шешеді. 


Осы кезде ол Бейбітшілік және келісім сарайы, Хазірет-Сұлтан мешіті секілді қаланың көрікті орындарын фотоға түсіріп, жастар көп баратын қаладан үш сағаттық жердегі Бурабай курортына да барады. Осылайша ол Z ұрпағы туралы серия шығарамын деп адамдардан сұхбат ала бастайды. 

Оның әріптесі, фотограф Балнұр Нүсіпова «Украинада мәдени революция болды, енді біздің кезегіміз» деп айтады. Сол кезде Лупу «Қазақстанның өтпелі кезеңнін шегінде тұрғандай әсерде қалдым» дейді.


Фотографтың Айдана, Жанель, Александра секілді Нұр-Сұлтанда тұратын жас буыннан естіген ойларын ұсынамыз. 


Айдана – аударма ісінде оқиды және антропологияға қызығады. Өзін «радикал феминист» санайды. Себебі Қазақстан қоғамын әйелдердің құқығын шектейді деп есептейді. Ол елдегі мәселелерге алаңдайды, бірақ басқалар секілді университетті аяқтаған соң елден кеткісі келеді. 


«Нұр-Сұлтан бұл іскерлік орталық. Қарапайым адам үшін «ақ жағалылардың» қаласы деп айтуға болады. Бір жағынан гендерлік теңдік бар секілді көрінеді. Бірақ шындығында егер әйел болсаңыз, қызметіңізде көтерілуіңіз екі талай. Мықты әрі тәуелсіз болу әйелдің қасиеті. Бірақ бұл еркекті көзге ілмеу деген сөз емес. Менің феминист достарым жігітімнің болғаны үшін сынап жатады. Бұл мен үшін феминизм концепциясын дұрыс түсінбеу дегенді білдіреді. Бұл саяси қозғалыс, сол себепті кіммен кездесесің, ол маңызды болмауы тиіс», - дейді ол. 


 



 

 




Көрілген: 778    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.05.2019, 16:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31