Мәселе

Нұр-Сұлтан атауына қатысты дау: Жарастығымызды жарамсақтықпен бұзбайық! - депутат

  • © qazaquni.kz

    © qazaquni.kz

Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Нұр-Сұлтан атауына қатысты қазір көпті алаңдатып отырған мәселені көтеріп, еліміздің басты көшелері мен даңғылдарының атауын асығыс өзгертуге наразы екенін жеткізді. Бұл туралы ол Демократиялық күштердің "Қазақстан-2050" жалпыұлттық коалициясының отырысында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Оның пікірінше, көше атауларын асығыс ауыстыру абырой әпермейді.


"Кейбір өңірлердің асығыстыққа салынып, тарих төрінен орын алған хандарымыз, төбе билеріміз, ұлы ақынымыз атымен аталған, тіпті тәу етер киелеріміздің бірі – Тәуелсіздік ұғымы ұлықталған облыстар орталығындағы басты көшелер мен даңғылдардың атауын асығыс өзгертуі жергілікті жұртшылықтың наразылығын туғызады.


Бұл абырой әперетін іс емес. Жарастығымызды жарамсақтықпен бұзбайық!", - дейді ол.


Депутат ел ұлықтаған аттары бар ескі көшелерге жаудай тие бермей, әр облыс орталығында заманауи стильде жаңа көшелер салуды ұсынады.


"Орталық көше не даңғылды жаңадан жобалап тұрғызып, соған Елбасының атын берген жөн. Әр облыс орталығындағы жасыл технологияларға құрылған, қазіргі әлемдегі қала салудың ең озық тәжірибелері ендірілген дәл осы жаңа даңғылдар өзге көне көшелерге жаңғырудың үлгісін көрсетіп, оларды жаңа деңгейлерге жетелейтін болады", - дейді ол.


Осындай ұсынысты ортаға тастаған депутат қалың қауымды жақ-жақ боп тайталаспауға шақырды.


".. Біз, қазақстандықтар, ең алдымен, қазақтар, дәл қазір екіге жарылып, бір-бірімізді қарсылас көріп, жақ-жақ болып тайталаспауымыз керек.


Қала атауын өзгерту үшін ғана қазақтар өзара қырғи-қабақ болып, қарсыласса, мұны ертең болашақ ұрпақ түсінбейді. Текке досқа күлкі, дұшпанға таба болмайық",- деді ол.


Айтуынша, қаланың Астана аталуы да кезінде құлаққа оғаш естілді. "Нұр-Сұлтан" атауы қазір тосын көрінгенімен, сынала, сырлана келе, әлденеше ұрпақтың сана сезімін аралап, ақыры көптің көкейіне қонақтары сөзсіз.


"Сонымен бірге, қазақ тілінде астана сөзі қалатынын да ұмытпаған жөн, олай болса, "жан-жүрегім астана", "қазақ елінің астанасы", "астаналықтар" сөздері синоним ретінде ары қарай да қолданыста жүре береді. Астана сөзінің орыс тілінде жойылатынына қамыққандарға: "Мемлекеттік тілді үйреніңіздер. Сонда астана сөзін ауызекі тілде ары қарай да пайдалана бересіздер"" деген жөн", - деді ол.


Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды. Бұдан кейін еліміздің кейбір өңірлері басты көшелерге Елбасының атын бергенін жариялай бастаған еді.


 




Көрілген: 5563    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.03.2019, 18:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30