Нұр-Сұлтан полициясы жолдағы ерекше жолаққа қатысты пікір білдірді

21 қазан 2020, 15:27

Нұр-Сұлтан полицейлері автожолдағы ерекше жолаққа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Полиция департаментінің мәліметінше, әл-Фараби (бұрынғы Угольная) даңғылында қазір екі жолақ параметрлері өзгертілді. Норматив талаптарын ескеріп, екі жолақ арасындағы қашықты ұлғайтып жатыр дейді.

 

"Ірі жолақты қойып жатқанда бұрынғы тұтас сызық та демонтаждалады. Жұмыстар 21 қазанда аяқталады деп жоспарланған", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

 

 

Құқық қорғаушылар бұл даңғылдағы қозғалыс жылдамдығы сағатына 80 шақырымға дейін көтерілгенін атап өтті. Мұны полицейлер кептеліс болмауы үшін жасаған.

 

"Осыған байланысты магистральдің категориясы мен маңызын ескере отырып, қос тұтас жолақ параметрлерін өзгертуге шаралар қабылданды. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан абай болуды және жол ережесін сақтауды сұраймыз", - деді полициядағылар.

 

Бұған дейін жүргізушілерді Нұр-Сұлтан көшелерінде ерекше жолақтар пайда болғаны таңғалдыры хабарланған.