Мәселе

Нұр-Сұлтанда 259 адам "тұратын" "резеңке" пәтер табылды

  • http://astana.gov.kz/

    http://astana.gov.kz/

Жыл басынан бері профилактикалық шаралар барысында полиция қызметкерлері 600-ге жуық «резеңке» пәтерді анықтады. Тіркеу орнында іс жүзінде тұрмайтын 24 мыңға жуық азаматты, оның ішінде әкімшілік ғимараттарда тіркелгендерді тіркеуден шығарды. Көші-қон заңнамасын бұзған тұрғын үй иелеріне айыппұл салынды. Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

 

«Осылайша, көші-қон қызметі К.Әзірбаев көшесіндегі пәтерде 2016 жылдан бастап тұрақты тіркеуде тұрған 259 адам болған пәтерді анықтады. Сол пәтерде 289 адам уақытша тіркелген. Сонымен қатар тек үстіміздегі жылдың тамыз айында иесі 154 азаматты пәтеріне тұрақты тіркеуге қойған. Меншік иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 493-бабы &ndash тұрғын үй иесіне олармен бірге тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеу бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Төрт адамнан тұратын отбасы мүшелерін қоспағанда, бұрын пәтерге тіркелгендердің барлығы тіркеуден шығарылды», &ndash делінген полиция департаментінің хабарламасында.

 

Елорданың көші-қон қызметі заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрғындарды тұрғылықты жері бойынша уақытында тіркеуге тұруға шақырады.

 

«Мекен-жай туралы ақпарат сәйкес келмеген жағдайда, оларды жаңарту үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы көші-қон қызметінің аумақтық бөлімшелеріне хабарласыңыз. Біз сондай-ақ тұрғын үй иелерінен олармен бірге тұрмайтындарды тез арада тіркеуден шығаруды сұраймыз», &ndash дейді мамандар.

 

2020 жылдың 9 айында елордада 151 мыңнан астам адам, оның 30 мыңға жуығы уақытша, 121 мыңнан астам азамат тұрақты тіркелді.

 

Статистика көрсеткендей, соңғы екі жылда орта есеппен Нұр-Сұлтанға халықтың ең көп легі Ақмола, Түркістан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарынан келеді.

 




Көрілген: 532    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.10.2020, 16:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 02:46
    Жайық құрып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30