Мәселе

Нұр-Сұлтанда арнайы жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жастардың баспана мәселесі қандай жолмен шешіліп жатқанын түсіндіріп өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 

«Қаланы дамытудың және өмір сүруге қолайлы жағдай жасаудың негізгі мәселелерін талқыладық. Қысқаша екі бағытқа тоқталғым келеді: "Elorda Jastary" жастар бағдарламасы және ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін жағдай жасау.

 

Өткен жылы волонтерлермен, жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесулерде "Elorda Jastary" бағдарламасының тұжырымдамасын әзірледік. Онда көрсетілген негізгі бағыттар: сапалы және қолжетімді білім беру, жұмысқа орналасуға және жастар кәсіпкерлігін дамытуға көмек көрсету, кәсіптік бағдарлау, бос уақытты тиімді өткізу, салауатты өмір салтын жүргізу және т. б.

 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Elorda Jastary" бағдарламасының негізгі бағыты – тұрғын үй мәселесі. Осы жылы елорданың жас мамандарын жеңілдікпен әлеуметтік несиелендірудің жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл бағдарламаға 36 жасқа дейінгі жастар қатыса алады (жұбайының/зайыбының жасы маңызды емес). Елордалық тіркелім кем дегенде бір жыл болуы керек және бағдарлама үміткерінің жеке баспанасы болмауы керек. Ресми жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес болуы шарт.

 

Осылайша аталған тұрғын үй бағдарламасына қатысушы тұрғын үй сатып алуға 13 млн теңгеге дейін қарыз ала алады (жылдық 5% жеңілдікпен). Сатып алынатын тұрғын үйдің құны шектеусіз.

 

Сонымен қатар осы жылы Елбасының бастамасымен қолға алынған "Жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасы да жалғасады. Осы бағдарлама аясында жыл соңына дейін тағы 1 мыңнан астам жастар баспаналы болады.

 

Екінші бағыт – мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау. Қалада бірқатар әлеуметтік жобалар, соның ішінде "Кедергісіз келешек" жобасы жүзеге асырылуда. Осы жоба желісі бойынша 12 бейімдеу секциясы ашылды, республикалық клиникаларға квоталар бөлінді, мүгедектер арбалары және т. б. сыйға тартылды.

 

Сонымен қатар қалада бірқатар әлеуметтік нысандар салынуда: оңалту орталықтары, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған балабақша, паралимпиадалық жаттығу орталығымен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт кешенін саламыз.

 

Мысалы, өткен жылы Тұңғыш Президент қоры мен "Самұрық-Қазына" қолдауымен №1 қалалық балалар ауруханасы базасында "Қамқорлық" оңалту орталығы ашылды. Сондай-ақ БЦП, аутизм, Даун синдромы және т. б. диагнозы бар балаларды оңалтумен айналысатын бірқатар оңалту орталықтары ашылды», - деп жазды елорда әкімі.

 

 

 

astana.gov.kz




Көрілген: 775    Пікірлер: 0

сенбі, 15.05.2021, 01:45

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30