Мәселе

Нұр-Сұлтанда барда қызмет көрсеткен жалаңаш қыздар жаға ұстатты (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Нұр-Сұлтандағы барға келушілер алкогольді сусындар тұратын сөрелер жақта жалаңаш бойжеткендердің жүргенін видеоға түсіріп алған. Кардан арулардың бірінің келушілерге сусынды таңдауға көмексетіп жүргені бейнеленген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Редакциямызға оқырмандардан бірнеше видеороликтер келіп жетті.

"Тірі тауар сатып тұрғандай. Мүлде ұяттан безген!", - деп ашуға булықты видеороликті жіберген әйел адам.
Видео авторының пайымынша, оқиға елордалық барлардың бірінде болған.

Бір қарағанда күмән тудыратын ештеңе жоқ секілді болып көрінеді. Барда клубқа арналған музыка ойнап тұр, ал адамдар тоңазытқыштардағы сусындарды таңдауда.

Дегенмен көңіл көтеру орнының әкімшілігі келушілерін таңғалдырды. Кадрдан сусын тұрған тоңазытқышқа біреу жақындаған кезде оның іс-әрекетін жалаңаш қыздың қайталайтынын көруге болады.

Сондай-ақ, атап өту керек, бұл жай ғана компьютерлік симуляция емес, тірі адам. Ол барға келушілерге сусын таңдауға көмектесіп жатқандай. Ару өзінің қызметін орындау кезінде жақ ашпайды.

Сонымен қатар, басшылық қызық жағдайға қатысты пікір білдірді. Директордың сөзінше, мұндай идея барға келушілердің көңілін көтеру үшін ойлап табылған екен.

Сондай-ақ, ол идея адамдардың көңілінен шығып жатқанын да алға тартты. Ал бойжеткендер үшін бұл мамандықтың бір бөлігі.

Бар өкілінің айтуынша, қызметкерлердің міндетіне келушілерге кеңес беру, бос қалған сөрелерді сусындармен толтыру кіреді екен.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтанда порнографиялық видеороликтер көруге арналған сайттың логотипі бейнеленген автокөлік анықталды.

 




Көрілген: 6919    Пікірлер: 0

жұма, 17.01.2020, 10:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29