Мәселе

Нұр-Сұлтанда екінші топтағы мүгедек айына 10 мың теңгеге күн көріп отыр

  • Нұр-Сұлтанда екінші топтағы мүгедек айына 10 мың теңгеге күн көріп отыр

    Нұр-Сұлтанда екінші топтағы мүгедек айына 10 мың теңгеге күн көріп отыр

Мұндай шағым күн сайын артып келеді. Барлық мұқтаж адамға көмек көрсетіп үлгермей жатырмыз, дейді қоғам белсенділері

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, екінші топтағы мүгедек Мария Богомолова айына он мың теңгеге өмір сүріп жүр. Ол ай сайын алатын 45 мың теңге жәрдемақының басым бөлігін бөлмені жалға алуға жұмсайды, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

37 жастағы Мария Богомолова жәрдемақыдан азық-түлік пен дәрі сатып алуға айына он мың теңгесі ғана қалатынын айтты. Әйел аш қалмау үшін қарызға батты. 

"Азық-түлікке, нан алуға жұмсаймын. Кейде макарон сатып аламын, кейде оны да ала алмаймын. Мысалы сүт пен ет сатып алуға жетпей қалады. Сорпа жиынтығын сатып алып, біраз уақытқа жеткізуге тырысамын. Зейнеткерлер, мүгедектер, жалғыз басты аналар арасында көмекке мұқтаж жандар көп. Ешқандай көмек көрсетілмейді. Шағым жазып қалдыруға болатын кітапшаны қарасаң, барлығы жағдайын айтып шағымданғанын көруге болады", - дейді елорда тұрғыны Богомолова.

Қоғам белсенділерінің айтуынша, мұндай шағым күн сайын артып келеді. Олар барлық мұқтаж адамға көмек көрсетіп үлгермей жатқандарын айтады.

"Карантин басталғалы жұмыс күндері материалдық әлеуметтік көмектен бастап, құжат мәселесін айтып күніне 5-6 адам жүгінеді", - дейді қоғам белсендісі Марат Нұрсұлтан.

Ал демалыс күндері көмек сұрайтындардың саны 20-30 адамға дейін артады.

"Карантин кезінде жұмысынан айырылып, жалдамалы пәтерінің ақысын төлей алмайтын кісілердің саны артты. Олардың арасында мигранттар да, басқа қаланың тұрғындары да бар. Олар дер кезінде қаладан шығып кете алмаған", - дейді қоғам белсендісі Анастасия Файль.

Ал шенеуніктер дүрбелең тудыруға ешқандай себеп жоқ екенін айтты. Мұқтаждар санының өскенін, бұл өсімнің қалыпты құбылыс деп танып отыр. Айтуынша, жағдай да тұрақты.

"Жыл сайын халықтың көші-қонына, бала тууға, табиғи өсімге байланысты бұл сан да өсіп келеді. Жылына 164 мыңнан астам адам әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етіледі. Үлкен өсім болған жоқ. Жағдай тұрақты", - деді Нұр-Сұлтан қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы Айгүл Таласова.

Басқарманың мәліметіне сүйенсек, жылына 160 мыңнан астам елорда тұрғыны жеңілдік пен әлеуметтік төлем алады. Бұған 12 миллиард теңге бөлінген. Ал елордада миллионнан астам адам тұрады.




Көрілген: 659    Пікірлер: 0

жұма, 04.09.2020, 10:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31