Мәселе

Нұр-Сұлтанда жаңа тұрғын үйге тексеріспен барған ең жас депутат жағасын ұстады (видео)

  • https://www.instagram.com/

    https://www.instagram.com/

Парламенттің ең жас депутаты Мәди Ахметов Нұр-Сұлтанда салынып жатқан әлеуметтік тұрғын үйлердің бірінің сапасын сынға алды.

 

Ахметов пайдалануға берілгелі жатқан тұрғын үйдің сапасын жеке өзі тексеріп шықты.

 

Депутат жаңа салынған баспананың қабырғаларына сызат түскенін, сылақтары құлап, есіктің жақтаулары түсіп жатқанын өз көзімен көрді.

 

 

"Егер еліміздің бас қаласында осылай болса, онда басқа аймақтарда не болғаны? Айтарға сөзім жоқ", - деп ашынды депутат.

 

Жоба наурыз айында аяқталғанымен, әлі күнге дейін елорда әкімдігінің балансына өтпеген, деп мәлімдеді ол.

 

"Халықтың бес миллиард теңгесіне небәрі 238 пәтер салынды. Өкінішке қарай, мониторинг кезінде жергілікті атқарушы билік өкілдері депутаттардың сұрақтарына мардымды жауап бермеді, толық ақпарат ұсына алмады", - деді Ахметов.

 

Айтуынша, бұл олардың өз жұмысына жауапсыз қарайтынын көрсетеді.

 

Елорда әкімі Алтай Көлгінов 2018 жылы – 1 800, 2019 – 2 900, ал былтыр жеті мыңнан астам әлеуметтік пәтер салынғанын мәлімдеді. Биыл кезекте тұрғандар үшін он мың әлеуметтік пәтер салу жоспарланып отыр.

 

Олар ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар, толық емес, көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар адамдар және тағы басқа санаттар.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 2510    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.06.2021, 00:23

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31