Мәселе

Нұр-Сұлтанда қаласында тағы бір жол ойылып жатыр (фото)

  • Фото: Instagram/eto_astana_detka

    Фото: Instagram/eto_astana_detka

Елордада көктем шығып, қар ерісімен қала ішіндегі жолдардың тоз-тозы шығып жатқаны байқалуда. Мәселен, тұрғындар бұған дейін Тәуелсіздік-Мұңайтпасов көшесіндегі ойылып қалған асфальттің куәсі болса, енді міне шаһар ішіндегі тағы бір көшенің асфальті опырылып түскен деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Асфальттің ойылып қалған суреті Instagram-дағы танымал аккаунттардың бірінде пайда болды. Онда көше жолының екі жерден опырылып, ойылып қалғанын анық көруге болады.

 

Жазба авторы: "Нұр-Сұлтан емес, тесік-шұрық жолдардың шаһарына айналды. Иманов және Бейсекбаев көшелерінің қиылысы, Жар-Жар ТК жаны" деген қысқа ғана жазба қалдырған.

 

Желі қолданушылары да суреттің жарияланғаны сол-ақ еді, сыни пікірлерін жаудырды.

 

"Жалғыз бұл жер емес, қаланың көп көшесі осындай", "Қар еріді, онымен бірге асфальт та еріп кеткені ме сонда, қалай?", "Иманов көшесіндегі жолдың сыйқы биыл осылай", "Жылды осы ғой, несіне таң қаласыздар", - дейді пікір жазушылар.

 

Аталған мәселеге қатысты жергілікті әкімдік өкілдері пікір білдірді.

 

"2021 жылдың 28 сәуірінде қаланың коммуналдық қызмет өкілдерімен оқиға орнына бару кезінде, Иманов-Брусиловский, Иманов-Бейсекбаев көшелерінің қиылысындағы асфальттің қай тұстан опырылғаны анықталып отыр. Белгілі болғандай, опырылу Иманов көшесінің бойындағы 42, 44 көпқабатты тұрғын үй кешендеріне 110 БП - 243 БП кабельдік каналдарын тарту орындарында пайда болған. Бұл мәселе қатаң бақылауда, қысқа мерзімде оны шешу жолдары қолға алынатын болады", - дейді әкімдіктің баспасөз қызметінен.

 

 




Көрілген: 761    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.04.2021, 13:55

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30