Мәселе

Нұр-Сұлтанда қазақ жастары үй-үйді аралап, жат ағымды насихаттап жүр

  • © polonsil.ru

    © polonsil.ru

Журналист Бану Әділжанова facebook парақшасына қазақтың жап-жас қыз-жігіттерінің Нұр-Сұлтан қаласында үйлердің есігін қағып, «Иегова куәгерлері» ағымы туралы үгіт-насихат жасап жүргенін жазды, деп хабарлайды   Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Жақында үйімізге Иегова куәгерлері келді. «Бақытты болудың кеңесін кімнен сұраған дұрыс?» деген сұраққа жауап іздеп жүр екен. Өте сыпайы. Іші-бауырыңа кіріп кетердей. Сауатты сөйлейді. Жылы жымиып, өздеріне баурап алады. Жап-жас... Қазақтың қаракөз қыз бен жігіті...

Алғашында аузым аңқиып, байыбына бара алмай, сұрақтарына кәдімгідей ойланып, жауап беріп тұрғанмын. Сұрақтарының сиқынан күдіктенген Еламан (күйеуі – ред.): «Осы сендер әңгіменің соңында «біз Иегова куәгерлеріміз» деп тұрмаңдар!» деп еді, бағанадан бері жанындағы жігітті сөйлетіп, өзі үнсіз тұрған қыз: «Дұрыс айтасыз, аға, біз – Иегова куәгерлеріміз», - деп қарап тұр...», - дейді әріптесіміз.

Сонымен, өрімдей қазақ қызы мен жігітінің мына тірлігіне қарадай күйінген журналист Еламан Қоңыр оларға ашумен біраз ақыл айтып, әңгімеге де тартып көріпті.

Белгілі болғаны, жігіттің жасы 20-да екен. Оқымаған. Шаштараз болып жұмыс істеген. Түлкібастікі. «Мына жақта не істеп жүргеніңді әке-шешең біле ме?», «Қазақтың баласысың, ұят емес пе?» деген сұрақтарға басында бақыт жайлы сайрап тұрған ол міңгірлеп дұрыс жауап бере алмаған.

«Бізден кейін олардың басқа үйдің есігін қаққан-қақпағанын нақты білмеймін. Бірақ, «Кешіріңіз...» деп күмілжіп, көздерін төмен сала берген қос қазақтың баласына алаңдай бердім. Жас қой... Жетіскеннен осылай жүрмеген болар...

Бір кездері «Иегова куәгерлері» құрығына зейнеттегі зеріккен шал-кемпірді түсіріп еді. Енді жастарды арбай бастапты. Тырнағына қазақтың баласы іліккені алаңдатады. Ең сорақсысы да сол. Қазақы қаймағы бұзылмаған Түлкібастың баласының «басын айналдырып» алғандарына қарағанда, бұлардың құрығы ұзарып, тамыры тереңдеп кеткен ау...», - деп налыды Бану Әділжанова. 




Көрілген: 2803    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.01.2020, 17:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29