Нұр-Сұлтанда көңілді кеш кезінде тікелей эфирге шыққандар өздерін полицияға ұстап берді (видео)

02 тамыз 2021, 18:58

Елордада карантиндік шараларды бұзып, жұмыс істеген мекеме жауапқа тартылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында 1 тамызда Бауыржан Момышұлы даңғылында орналасқан "Какие люди" ресто-барының карантин режимін бұзғаны анықталды.

 

Мониторингтік топ өкілдері оқиға орнына келген кезде ақпарат расталды. Мекеме бас санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілгендей, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынғанына қарамастан ашық болған. Ресто-бардың ішіндегі келушілер көңіл көтеріп, караокемен ән айтқан, санитарлық нормаларды бұзған.

 

Сондай-ақ, әлеуметтік желіге шығып, тікелей эфир жүргізген.

 

Полицейлер мекеме иесіне қатысты жиналған материал ӘҚБК 425-бабына сәйкес, әкімшілік жауапқа тарту үшін уәкілетті органға жолданғанын хабарлады.