Мәселе

Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналар тағы көшеге шықты (видео)

  • © Sputnik / Арман Аскар

    © Sputnik / Арман Аскар

Елордалық көпбалалы аналар үкімет алдына митингіге шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Олардың басты талабы - баспана. Митингіге жиналғандар тізім жасап, әкімдікке тапсырды. Тізімде 59 адамның аты-жөні жазылған.


"Біз үй талап етіп жатырмыз. Қазір баспана кезегінде тұрған адамдар көп. Неге мемлекет ондай жағдайға жеткізіп отыр? Қазақстанның байлығымен баспана кезегі мүлдем болмауы керек. Біз арендалық пәтерге іліге алмай отырмыз. 2 проценттік ипотека алайын десек, "созаемщик" сұрайды. Оны алу үшін жалақының көлемі 42 500 теңге болуы керек. Содан сәл асып кетсе, бермейді , - дейді көпбалалы ана Фируза Абызова.



Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен аналардың бәрін жеке-жеке қабылдаймын деп әкімдікке шақырды.


"Мына жерде бір ғана мәселе көтеріліп отыр. Ол - баспана. Ал баспана мәселесін шешу үшін біз осы жерге жиналған әрбір адамды жеке-жеке қарап, құжаттарын тексеруіміз керек. Бәріміз автобусқа отырайық, әкімдікке барайық. Мен бәрін жеке-жеке қабылдаймын", - деді ол.



Бірақ көпбалалы аналар әкімдікке баруға келіспеді. "Баспана" деп ұрандатып, үкімет алдында тұра берді.


"Біз әрбір ананың мұң-мұқтажын түсініп отырмыз. Көпбалалы отбасы екенін де білеміз. Бірақ қазір үйді бере салу деген жоқ. Бізде үй кезегінде көп адамдар тұр. Оларды да ұмытпауымыз қажет", - деп Бақтияр Мәкен әйелдерді тыныштандыруға тырысты.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова көпбалалы аналардың талап-тілектерін растады.


"Қазір қойып отырған негізгі талаптары ол - үй беру. Енді әкімдік дәл қазір бәріне үй таратып береді деп айта алмаймын. Негізі, баспанаға мұқтаж адамдардың бір бөлігіне арендалық пәтерлер беріледі. Әйелдердің тағы бір тобы бастапқы жарнамыз бар дейді. Кредит беруді сұрайды", - деді Жақыпова Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында.


Айта кетсек, бүгінде Нұр-Сұлтанда 46 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оның 3 мыңнан астамы көпбалалы отбасы екен. Биыл көпбалалы аналар, тұрмысы төмен азаматтар, мүмкіндігі шектеулі жандарға шамамен 2 мың пәтер беру жоспарланған.


 




Көрілген: 454    Пікірлер: 0

жұма, 12.07.2019, 16:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30