Нұр-Сұлтанда «Сергек» камералары тіркеген 268 дерек жойылған
Елордадағы Жедел басқару орталығының маманы жол ережесін бұзғандарға салынған айыппұлды жүйелі түрде жойып келген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдулла мәлімдеді, деп хабарлайды  24.kz. 
 
Орталық қызметкері «Сергек» камералары тіркеген 268 әкімшілік заң бұзу дерегін жойған. Оларға салынған айыппұлдың жалпы сомасы 3 миллион теңге. Іс сотқа жіберілді. Қылмысқа қатысы бар өзге тұлғаларға қатысты тергеу жалғасып жатыр.
 
Сонымен қатар «Астана &ndash аймақтық электр желілері компаниясының» лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу аяқталды. Олар электр энергиясының шығыс көрсеткішін азайтып көрсетіп, қаржы жымқырған.
 
«Астана &ndash аймақтық электр желілері компаниясы» мен электр энергиясын тұтынған коммерциялық ұйымның лауазымды тұлғалары қылмыстық жауапқа тартылады. Олардың іс-әрекеті Қылмыстық кодекске сай әшкереленді. Келтірілген шығын мемлекет бюджетіне толық қайтарылды», - деді ҚР СЖҚІА Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдула.