Мәселе

Нұр-Сұлтанда сұлулық салонына барған келіншек айыппұл арқалады

  • Көрнекі фото: pixabay.com

    Көрнекі фото: pixabay.com

Ағымдағы жылдың 5 мамырында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында сұлулық салонына барған қала тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

 

Басылымының мәліметінше, тұрғын 3 мамыр күні сұлулық салонына барған. Әкімшілік соттың хабарлауынша, бұл айрықша жағдайға жатпайды. Сондықтан карантин режимін бұзғаны үшін тұрғын әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша жауапкершілікке тартылған.

Бап санкциясы ретінде ескерту, әкімшілік айыппұл немесе қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза қарастырылған.

 

"Кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі балалары бар адамдар үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 50-бабы бойынша қамауға алуға тыйым салынған. Сондықтан сот Н.Е.-ге 10 АЕК, яғни 27 780 тг көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындады", – деді сотта.

 

Айта кетейік, жедел штабтың шешіміне сәйкес, карантинге жабылған Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекцияның таралуын болдырмау үшін адамдар мен жеке көлік құралдарының қозғалысы шектелген. Тұрғындарға тек азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу үшін тұрғылықты жеріне жақын орналасқан дәріханалар мен дүкендерге және жұмыс орнына баруға рұқсат етілген.

 

Сондай-ақ, төтенше жағдайда медициналық мекемеге, жазғы саяжайға баруға, үй жануарларын тұрғылықты жерге жақын жерде серуендеуге рұқсат етілген.

 

Айта кетейік, Қазақстанда 4 мамырдан бастап карантин режимі жеңілдетіле бастады. Осыған орай қалалар мен облыстарда бірқатар мекемелердің жұмысы жанданады. Олардың ішінде шаштараз қызметіде бар.


 




Көрілген: 788    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.05.2020, 16:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30