Мәселе

Нұр-Сұлтанда теміржол вокзалына кіру тәртібі өзгереді

  • © Photo : АО

    © Photo : АО "НК "Қазақстан темір жолы"

Коронавирустың таралу қаупін төмендету мақсатында "Нұрлы жол" вокзалында жаңа шектеулер енгізіледі. 17 маусымнан бастап жолаушыларды тек Ashyq қосымшасы арқылы ғана кіргізеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Ведомствоаралық комиссия таратқан мәліметке сәйкес, вокзалдың барлық кіреберісінде QR-код орнатылады. Оны Ashyq, Kaspi.kz, Homebank мен Aitu қосымшалары арқылы сканерден өткізіп, жеке статусты анықтауға болады.

 

"Егер жолаушыда қосымша болмаса, онда вокзал қызметкеріне ЖСН-ды айту керек. Ол Ashyq қосымшасы арқылы адамның статусын өзі көреді. Шетелдіктердің статусы да төлқұжаттың нөмірімен тексеріледі. Ал 18 жасқа толмаған балалар тексерістен өтпейді", - дейді мамандар.

 

"Қызыл" және "сары" статусы шыққан жолаушылар вокзалға кіре алмайды. Осыған байланысты мамандар ashyq.kz бейтарап QR-код арқылы жеке статусты тексеріп алуға кеңес беріп отыр.

 

 

Айта кетейік, Ashyq қосымшасы карантин жағдайында кәсіпкерлік нысандардың жұмысын ары қарай жүргізу үшін жасалған болатын.

 

Негізгі мақсат – вирустың таралмауына жол бермеу. Қосымшада төрт статус бар. Олар: 

 

жасыл  – ПТР-тест тапсырған және теріс нәтижесі бар адам;

 

көк – ПТР-тесті жоқ, вирус жұқтырғандармен байланыста болмағандар;

 

сары – науқаспен байланыста болған адам;

 

қызыл – ПТР-тест оң нәтиже шыққан адам.

 

 




Көрілген: 651    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.06.2021, 13:28

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31