Мәселе

Нұр-Сұлтаннан пәтер сатып алмақ болған 300-ге жуық адам алданып қалды

  • https://news.realt.ua/

    https://news.realt.ua/

Нұр-Сұлтан қаласының полициясы "Expolis Invest VM" ЖШС басшылығына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі бастады. Компания үстінен "Royal EXPO apartments" жастар тұрғын үй кешені құрылысына байланысты полицияға 280 жәбірленуші арыз жазған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеу барысында "Expolis Invest VM" ЖШС басшылығының іс-әрекетінен елдің әртүрлі өңірінде тұратын 300-ден астам адам зардап шеккені анықталды.

 

Мән-жайды жан-жақты, толық және объективті тексеру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті құрылыс салушының әрекетінен зардап шеккен үлескерлерді 71-62-85, 8-775-968-77-34 телефондары бойынша тергеу басқармасына хабарласуды сұрады.

 

Сондай-ақ полиция мұндай жағдайға жол бермеу мақсатында құрылысты жүргізетін компаниямен келісімшарт жасау барысында бірнеше жайтқа назар аударуды сұрады:

 

* жобалаушы мен құрылыс жүргізетін компанияның нақты заңды мекенжайы туралы деректер;

 

* компанияның мемлекеттік тіркеуден өткенін растайтын құжаттар;

 

* компания құрылтайшылары, жобалаушылардың құрылтайшылары туралы мәліметтер;

 

* жеке тұлғалардың қаражаты есебінен құрылысқа рұқсат берілгені көрсетілген құзыретті орган берген лицензияның болуы;

 

* құрылыс жүргізілетін жерге компанияның құқығын растайтын құжаттар;

 

* объектіні салуға мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасы берген рұқсат;

 

* құрылыс кезеңдері туралы мәлімет және оны аяқтау мерзімі туралы деректер;

 

* құрылысты жүргізетін компанияның жосықсыз құрылыс салушылар тізімінде бар-жоғын тексеру.

 

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімдігі прокуратурамен бірлесіп мониторинг нәтижесінде үлескерлердің ақшасына қатысты заңсыз әрекет еткен 46 құрылыс компаниясын анықтады.

 

 

 

 




Көрілген: 575    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.07.2021, 17:42

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30