Мәселе

Нұр-Сұлтаннан шығаберісте полиция бекеттері қойылды

  • Көрнекі фото: NUR.KZ

    Көрнекі фото: NUR.KZ

Нұр-Сұлтаннан шығаберісте полиция бекеттері қойылды. Олар коронавирустың таралуын болдырмау үшін қойылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Нұр-Сұлтан ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Полиция атап өткендей, мұндай шаралар қалада коронавирус инфекциясының алдын алу үшін қажет. Бекеттердегі тәртіп сақшылары жүргізушілерге карантиннің күшейуіне байланысты туристік аймақтарға жол жабық екенін түсіндіреді.

 

Сондай-ақ, полиция шектеу шаралары ерекше бақылауға алынғанын хабарлады. Құзырлы орган өкілдері елорда тұрғындары мен қонақтарын демалыс орындарына, адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға шақырады, сонымен қатар жағдайға түсіністікпен қарауды сұрап отыр.

 

Еске сала кетсек, бұған дейін 24 шілдеден бастап Ақмола облысының аумағында блок-бекеттер қайтадан жұмыс істей бастайтынын хабарлаған едік.

 

Мәселен Бурабай ауданында 6 блок-бекет пен 7 мобильді топ жұмысын бастамақ. Сонымен қатар бүгіннен бастап 3 тамызға дейін Бурабай мен Ақмола облысының басқа да туристік аймақтары жабылды. Қонақ үй қызметкерлеріне алдын ала тапсырыс алуға тыйым салынады.

 

Бұл шектеулер коронавируспен күрес шараларына тікелей байланысты болып отыр.

 




Көрілген: 370    Пікірлер: 0

жұма, 24.07.2020, 15:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30