Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

02 сәуір 2022, 12:57

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады , - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Құрметті отандастар!

 

Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

 

Күллі әлем мұсылмандары үшін айрықша орын алатын бұл ай исламның ең басты құндылықтары – жақсылық пен мейірімділікті, сабыр мен имандылықты дәріптейді. Бұл идеялар діні мен ұлтына қарамастан тұтас халқымыздың бірлігін бекемдей түсері сөзсіз.

 

Қасиетті Рамазан айында сіздерге зор денсаулық, рухани күш-қуат, бақ-береке тілеймін!