Мәселе

Нұрсұлтан Назарбаев"Ақша қайда кетіп жатыр?": Елбасы халықтың көкейінде жүрген сұраққа жауап берді

  • Нұрсұлтан Назарбаев

    Нұрсұлтан Назарбаев"Ақша қайда кетіп жатыр?": Елбасы халықтың көкейінде жүрген сұраққа жауап берді

Түркістанға 350 миллиард теңге жұмсалады, қаланың құрылысына қажетті ақшаның тең жартысын жекеменшік компаниялар құйып жатыр, деп атап өтті Елбасы. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласының құрылысына бөлінген ақшаның қалай жұмсалып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бұл мәселе ылғи көтеріледі. "Ақшаны қайда жіберіп жатыр?" деп сұрайды. Астананы салғанда да солай болған. Бірақ қазір елордаға салынған бір теңге үш теңге болып қайтып жатыр. Сол сияқты бірінші кезеңде Түркістанға 350 миллиард теңге жұмсалады", - деді Назарбаев "Түркістан: көне мен келешек көпірі" деректі фильмінде.

Оқи отырыңыз: Назарбаев елордада қазақ драма театрының жаңа ғимаратын ашты 

Елбасының айтуынша, Түркістанның құрылысына қажетті ақшаның тең жартысын жекеменшік компаниялар құйып жатыр. Бизнес өкілдері қонақ үйлер, сауда мен туризм орталықтары сияқты ғимараттарды салады.

"Қазіргі кезде 160 нысанның тең жартысы салынып бітті. Соның ішінде әкімшілік ғимараты, қазақ драма театры, конгресс-холл, қонақтарды қабылдайтын үлкен нысан, 10 мың орындық стадион, жастар сарайы және тағы басқа ғимараттар бар", - деді Назарбаев. 
Осы орайда Қазақстанның тұңғыш президенті урбанизация жалғаса беретінін, одан қорқудың қажеті жоқ екенін ерекше атап өтті.  

"Біздің қазақ бәрі қалаға кетсе, далада жағдай қалай болады деп қорқады. Далада бәрі дұрыс болады. Америкада ауылда тұратын халықтың үлесі &ndash 5 процент. Сол бес процент тамақпен қамтамасыз етіп, шетке де шығарып жатыр. Бізде халықтың 40 проценті ауылда тұрады. Оның жартысы ауылда тұрса да, қалада жұмыс істейді. Технология дамыған сайын ол жерге жұмыскердің көп керегі болмайды. Ал ауылды жақсылап көтерсек, қаладан барамын деген адамдар табылады", - деп түйіндеді Назарабаев.  




Көрілген: 5485    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.12.2020, 01:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Қаңтар, 23:18
    Тазалықтың 7 ережесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31