Мәселе

Облыс әкімі, елші, судья: Қазақстанда сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін қанша шенеунік сотталды

  • Облыс әкімі, елші, судья: Қазақстанда сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін қанша шенеунік сотталды

    Облыс әкімі, елші, судья: Қазақстанда сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін қанша шенеунік сотталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2020 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Баяндамадағы деректерге сүйенсек, былтыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін 1021 адам сотталды."Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте тіркелген сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша 722 адам сотталды, оның ішінде 144 басшы (оның ішінде 1 облыс әкімі, 4 облыс әкімінің орынбасары, министрліктің 2 жауапты хатшысы, комитеттің 2 төрағасы, 1 елші, 5 судья, 10 аудандық және қалалық әкім). 25 аса ауыр және 1368 ауыр қылмыстың, 112 жүйелі сыбайлас жемқорлық фактісінің жолы кесілді", - делінген баяндамада.

Бұл ретте пара алғаны үшін 568 адам, пара бергені үшін 624 адам, алаяқтық жасағаны үшін 316 адам сотталды. 268 шенеунік бөтеннің мүлкін иемденіп, талан-таражға салды, 193-і қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталы

Жалпы алғанда, агенттік 50,7 млрд теңгені (60,1 млрд теңгеден) қайтарды, бұл 2019 жылдың көрсеткішінен екі есе жоғары (22,7 млрд теңге).

Пара алу және ұрлау фактілері бойынша бірнеше айыппұл сомасы 2,8 млрд теңгені құрады.

Келтірілген залалды қамтамасыз ету үшін күдіктілердің 1,2 млрд теңге көлеміндегі мүлкіне тыйым салынды.

"Агенттік жұмысының жиынтық экономикалық тиімділігі 2020 жылы 95,6 млрд теңгені құрағанын ерекше атап өткен жөн", - делінген есепте.




Көрілген: 716    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.04.2021, 16:20

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30