Мәселе

"Одан да үй салып берсін": Елімізде жол жиегіне әрқайсысы 23 млн теңге болатын 304 дәретхана салынбақ

  • "Одан да үй салып берсін": Елімізде жол жиегіне әрқайсысы 23 млн теңге болатын 304 дәретхана салынбақ

Алдағы уақытта елімізде жол жиегінде әрқайсының құны 23 млн теңге болатын әжетханалар орнатылады.

2022 жылға дейін дәл осындай 304 дәретхана салынбақ. Қарапайым арифметикаға салсақ бас-аяғы 7 млрд теңгеге жуық бөлу жоспарланып отыр. Ішінде жанға қажетті дүниенің барлығы дерлік болатын көрінеді. Ыстық су, орталық кәріз жүйесіне қосылады. Айналасы тәулік бойы күзетіледі. Аталған дәретханаларға қаржы қайдан бөлінеді? Қандай ұтымды тұстары бар? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

7 млрд теңге. 2022 жылға дейін дәл осындай сома жол бойындағы әжетханаларды салуға бөлінбек. Әрқайсысына 23 млн, ақшасы көп болған сайын сапасы да жақсы болады-мыс. Мынадай адам шошитын, құлайын деп тұрған нысан емес, барлық заманауи талаптарға сай дәретхана бой көтермек.

304 әжетхананың қай жерге салынатыны да белгілі екен. Алдағы уақытта 121 дәретхана жол бойына орнатылса, 73-і ақылы трассаларға салынбақ. Қазірдің өзінде, заманауи нысан Щучинск-Зеренді тас жолының бойында жолаушыларға қызмет көрсетіп жатқан көрінеді. Жақын күндері тағы 14 қажеттілікті өтейтін жер пайдалануға берілмек.

"7 млрд аз ақша емес қой ол. Жұртқа үй салып бермей ма қайта? Әжетхана сол үйдің ішінде де бар ғой керек болса. 7 млрд көп ол".

"Әрине, осы райондарға керек негізі. Бірақ, ақшасы көбірек сияқты. Ысырапшылық болатын сияқты. Аз қамтылған отбасылар бар. Соларға көмектессе, материалдық түрде", - дейді тұрғындар.

Бұған дейін Семейдің атқамінерлері 18 млн теңгеге екі бірдей қажеттілікті өтейтін жер салып, көпшіліктің ашуына тиген еді. Ал, қыруар қаржыға дәретхана орнатуға қаржы бөлген жергілікті әкімдік болса нысан қыста жылытылатынын айтқан болатын. Тіпті, барлық коммуникация қызметіне қосылады деп ағынан жарылған еді. Бірақ, шұғыл шаруаңды аяқтау үшін ақша төлейді екенсің.

"Қыста дәретхана жылытылады. Орталық су мен кәріз жүйесіне қосылады. Екі бөлмесі болады. Бірі - келушілер үшін, екіншісі - қызметтік бөлме. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де қарастырылған конструкциясы бар. Апатты жағдай бола қалса, қызметкерді шақыру батырмасы да орнатылады", - дейді қалалық ТҮКШ коммуналдық шаруашылық және абаттандыру секторының меңгерушісі Асан Дүйсенбаев.

Алдағы уақытта орнатылатын "су жаңа" дәретханалардың ішінде вакуумды ағызу құрылғысы, күннен қуат алатын қондырғылар бар екен. Сондай-ақ, барлық әжетханаларға кететін қаржы шеттен тартылған инвесторлар есебінен тұрғызылатын көрінеді. Компания өз кезегінде, нысанның тазалығы мен сапасына 5 жыл бойы кепілдік бермек.




Көрілген: 335    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.12.2019, 23:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31