Мәселе

"Оқушы екпеден кейін көз жұмды": желіде тараған аудиожазба елді дүрліктірді

  • https://www.allmessengers.ru/

    https://www.allmessengers.ru/

Қостанайлықтар мессенджерде коронавирусқа қарсы салынған екпеден кейін бір оқушы қайтыс болғаны туралы аудиожазба таратып жатыр. Өңірдің денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды жергілікті alau.kz порталы.

 

Мессенджерде тараған аудиожазбада ер адам қаладағы мектептердің бірінде балаларға жасырын коронавирусқа қарсы екпе салынғанын айтады. Соның салдарынан бір оқушы қайтыс болып, бірнешеуінің денсаулығы нашарлапты-мыс.

 

Алайда облыстың денсаулық сақтау басқармасы мұның жалған екенін мәлімдеді.

 

"Қазақстанда балаларға коронавирусқа қарсы екпе егілмейді. Қостанайдың 7 мектебінде баланың көз жұмғаны және жағдайлары нашарлағаны туралы ақпарат – жалған. Құқық қорғау органдары бәрін ойдан құрастырып, шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратып жүрген адамның жеке басын тез арада анықтайды деп сенеміз", -деді басқарманың баспасөз қызметіндегілер.

 

Бұл жайтқа Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі де түсініктеме берді.

 

"Қазір полиция мектепте балаларға екпе егілгені туралы жалған ақпарат таратқан ер адамды іздестіріп жатыр. Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 274-бабы "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді ведомство.

 

Бұл бапта бір мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту не бір жылға дейін бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

 

 

 

sputnik.kz

 

 

 




Көрілген: 2669    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.09.2021, 11:37

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31