"Олармен бірге тұру қорқынышты". Оқушы қыз елден көмек сұрайды (видео)

19 қазан 2020, 13:16

Атырау облысында оқушы қыз оны ызақор ата-анадан қорғауын сұрап, видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Қыздың Instagram желісіндегі парақшасында әкесі оны жуылмаған ыдыс-аяқ үшін ұрып жатқаны түсірілген видео пайда болды.

 

"Өтінемін, көмектесіңіздерші.  Олармен бір шаңырақ астында өмір сүру маған қорқынышты. Мен бірнеше жыл бойы зорлық-зомбылыққа ұшырадым. Мен видеоны жариялау арқылы дұрыс нәрсені істеп жатқанымды білмеймін, бірақ ертең және қазір не болатынын білмеймін", - деп жазды қыз.

 

Полиция өкілдері істі бақылауға алғанын айтты.

 

"Атырау облысы полиция департаменті әлеуметтік желілердегі мониторинг барысында ер адамның (әкесінің) кәмелетке толмаған қызына әдепсіз сөздер айтып жатқаны түсірілген бейнежазбаны анықтады. Осы дерек бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 140-бабы ("кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр",-деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.